Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы мүмкіндігі шектеулі жандар шектеусіз өм...

Алматыдағы мүмкіндігі шектеулі жандар шектеусіз өмір сүруге қалай үйреніп жатыр?

Әлеумет 29.07.2022, 10:14 1,301
Алматыдағы мүмкіндігі шектеулі жандар шектеусіз өмір сүруге қалай үйреніп жатыр?
Сурет: Daily.afisha.ru

Өзін-өзі дамыту курстары: «Тәуелсіз өмір мектебі» және «TenQogam» жобасы.


Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға араласуына қалай көмектесетінін айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қаламызда мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру және олардың жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында «TenQogam» мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы» жобасы жүзеге асырылуда. Орталық мамандары жұмысқа орналасудың бастапқы кезеңінде өз қамқорлығындағы адамдарды ертіп жүреді», - дейді Данияр Әлкебайұлы.



Сонымен қатар, Алматыда мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін әлеуметтендіруге және шешуге көмектесетін заңгерлер, психологтар, кеңесші мамандар жұмыс істейді. Олардың жеке тұлға ретінде өсуі, жұмысқа орналасуы, кәсіпкерлік бойынша курстар мен шеберлік сыныптарында онлайн-оқытудан өтуі кезінде мамандардың көмегі аса қажет. Жарты жыл ішінде 424 мүгедектігі бар адам осы қызметтерді алды.



«Мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бойындағы қорқыныш пен сенімсіздікті жеңуге, өзін-өзі бағалауға көмектесетін «Тәуелсіз өмір мектебі» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Жоба аясында «Ақ бастау» пансионатында тұрып және барып оқытатын апталық курстар өткізіліп тұрады. Жыл соңына дейін 128 адам курста білім алады деп жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда «мектептен» 112 адам өтті», - деп мәлімдеді спикер.



Мүгедектігі бар адамдарға, мүгедек балаларға, зейнеткерлерге және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге ведомствоға тиесілі 10 медициналық-әлеуметтік мекеме жауап береді. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 17 үкіметтік емес ұйым қызмет көрсетеді.


Жарты жыл ішінде бұл қызмет 7 040 адамға көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қоғам #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика