AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы крематорийдің ашылуы тағы да кейінге ше...

Алматыдағы крематорийдің ашылуы тағы да кейінге шегерілді

Әлеумет 08.02.2023, 08:39 1,075
Алматыдағы крематорийдің ашылуы тағы да кейінге шегерілді
Сурет: Informburo.kz

 Алматыдағы крематорийді ашу және пайдалануға беру шамамен 2023 жылдың екінші тоқсанына шегерілді.


Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Құрылыс басқармасының мәліметінше, ТП-10/0,4 кВ және газ құбырының трассасын монтаждау жұмыстарын қоспағанда, инженерлік желілерді төсеу жұмыстары 80 пайызға орындалған.



«2021 жылдың екінші тоқсанында бағаның серпінді өсуіне байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезеңіне трансформаторлық қосалқы станцияның сметалық құны өзгерді. Газ құбырының бағыты мен жалғау нүктесі де ауыстырылды. Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне өтініш жолданып, жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуге келісім алынды. Жобалау ұйымы жобаны түзету жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жергілікті бюджет комиссиясының хаттамасы бекітілді. Жобалаушылар қорытынды алу үшін құжаттаманы сараптама порталына жүктеді. Сараптама қорытындысы болжам бойынша осы жылдың наурыз айының басында шығады. Содан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты нысанды ашып, пайдалануға беру кейінге шегеріліп отыр. Болжаммен 2023 жылдың екінші тоқсанында ашылады», - деп хабарлады қалалық құрылыс басқармасынан.



Айта кетейік, крематорийдің құрылысы 2021 жылдың қыркүйегінде  аяқталуы тиіс еді. Кейін сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстарына орай, 2022 жылдың мамырына жылжыды.


Былтыр қараша айында Алматы қалалық құрылыс басқармасы крематорийдің 2023 жылдың бірінші тоқсанында ашылатынын мәлімдеген еді.


Еске салайық, 2020 жылдың жазында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға тендер жарияланған болатын. Құрылыс құны – 1,3 млрд теңге. Крематорийде екі пеші бар бір зал болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #крематорий #ашу #кейінге шегеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);