Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы колледж студенттерінің 58%-ы грантпен о...

Алматыдағы колледж студенттерінің 58%-ы грантпен оқиды

Барлығы 28.01.2026, 14:24 227
Алматыдағы колледж студенттерінің 58%-ы грантпен оқиды
ӨКҚ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Білім басқармасының стратегия және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ерік Әбішаев техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін мемлекеттік қолдау мен колледж инфрақұрылымын дамыту барысы туралы баяндады.

Спикердің айтуынша, 2026 жылы ТжКБ жүйесінің бюджеті 53,3 млрд теңгені құраған. Бұл тегін білім алуға қолжетімділікті кеңейтіп, студенттерге әлеуметтік қолдауды күшейте түсуге мүмкіндік беріпті.

"Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік саясат әр студенттің үй-ішіне салмақ салмай, сұранысқа ие болып отырған мамандықты оқып, олардың барынша білім алып, жүріп-тұруына қажетті жағдай жасауға бағытталған", – деп атап өтті Ерік Әбішаев.

Қазір Алматыдағы 88 колледжде 86 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Олардың 58%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында тегін оқиды. 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 17 491 студент қабылданып, алдынғы жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткішті көрсетті.

"Бұл әр жастың үй-ішіне салмақ салмай, сапалы кәсіптік білім алуына нақты мүмкіндік беретін қадам. Кадр даярлау экономиканың басым салалары бойынша 131 мамандық пен 220 біліктілікті қамтиды, бұл жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттерді меңгеруіне жол ашады", – дейді.

Колледж инфрақұрылымын дамытуға да ерекше көңіл бөлінген. Былтыр мемлекеттік колледждерді жөндеу мен жабдықтауға жергілікті бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік әріптестердің есебінен төрт колледждің материалдық-техникалық базасы да 538 млн теңгеге жаңартылды.

"Біз оқу корпустарын, шеберханалар мен зертханаларды біртіндеп жаңғыртып жатырмыз. Бұл оқыту мен білім беруді еңбек нарығындағы заман талабына сәйкестендіруге  сеп болады", – дейді спикер.

Студенттердің жатақханамен қамтылу мәселесін шешу мақсатында 1 720 орынға арналған сегіз жаңа жатақхана салу да жоспарланып отыр. Былтыр 120 орындық жатақханасы бар жаңа колледж пайдалануға берілген болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #колледж #Студент #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика