AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы жиырма бір жоғары оқу орнында студентті...

Алматыдағы жиырма бір жоғары оқу орнында студенттік құқық қорғау жасақтары құрылды

Әлеумет 24.02.2025, 11:13 1,137
Алматыдағы жиырма бір жоғары оқу орнында студенттік құқық қорғау жасақтары құрылды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы қоғамда қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру үшін белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта жергілікті полиция қызметінің бөлімшелері бірқатар ұйымдастырушылық-тәжірибелік шараларды қабылдады.

«Нөлдік төзімділік» саясатының аясында ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу және басқа да ұсақ құқық бұзушылықтарға теріс реакция білдіріледі. Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізовтің айтуынша, әр азамат қоғамдық тыныштықты бұзбай, өз мәдениетін көрсетуі тиіс. Қазіргі уақытта көшедегі қылмыстардың алдын алудың басты тұтқасы — әкімшілік құқық бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және олардың жасалуына мүлдем төзбеушілік таныту.

«Ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуда қаладағы заңдылық пен тәртіптің жай-күйіне бей-жай қарамайтын азаматтық қоғамдастыққа ерекше рөл берілгенін айта кеткен жөн», — деді Айтан Елеусізов.

Сонымен қатар, студент жастар арасында мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жұмыстары да жүргізілуде. Алматыдағы жиырма бір жоғары оқу орнында студенттік құқық қорғау жасақтары құрылды, бұл жастардың құқықтық тәртіпті сақтауға жауапкершіліктерін арттырып, қоғамдық тәртіпті сақтау ісінде маңызды рөл атқарады.

Жергілікті полиция қызметі биылғы жылы есебін жариялаған құқық бұзушылықтар статистикасына сәйкес, Алматы қаласында келесі құқық бұзушылықтар орын алған:

  • Ұсақ бұзақылық – 10 415 дерек;
  • Абаттандыру ережелерін бұзу – 23 021 дерек;
  • Тыныштықты бұзу – 8 909 дерек;
  • Көшеде алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарға мас күйде келу – 15 525 дерек;
  • Қоғамдық орындарда темекі шегу, оның ішінде кальян шегу – 6 579 дерек.

Бұл статистика құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын одан әрі күшейту қажеттігін көрсетіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ішімдік #құқық бұзушылық #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының кандидаттары Caspian Beverage Holding ұжымына Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Бүгін 20:51

«Әділет» партиясының кандидаттары колледж ұжымын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Бүгін 20:47

Бас прокуратурада «Заң мен тәртіп» принципінің жүзеге асырылуы талқыланды

Бүгін 20:45

Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогемен кездесті

Бүгін 19:13

Халықаралық конференцияның ашылуы: «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер

Бүгін 18:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);