AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы «Жарқын күз»: әйгілі спортшылар тазалық...

Алматыдағы «Жарқын күз»: әйгілі спортшылар тазалық пен тәртіпке шақырады

Әлеумет 23.10.2024, 13:36 1,383 Nursok82
Алматыдағы «Жарқын күз»: әйгілі спортшылар тазалық пен тәртіпке шақырады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда атақты спортшылар «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы мен «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Жарқын күз» күзгі науқанын қолдады. 

Науқанды қолдағандар қатарында Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Нариман Құрбанов, Назым Қызайбай, Ғұсман Қырғызбаев, Александра Ле, Ислам Сәтбаев, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов және басқа да спортшылар бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Олар әріптестерін және қала тұрғындарын аула мен қала аумақтарын тазалауға атсалысуға шақырған бейнежазба түсірді.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз, сондықтан қаланың таза әрі көрікті болуы үшін әркім өзінен бастауы керек! Мен бұл челленджді қабылдап, бүгін ауламды қоқыстан тазалап жатырмын», – деді Нариман Құрбанов.

Сонымен қатар, экологиялық науқанға Алматының әйелдер және ерлер баскетбол командаларының ойыншылары, ММА спортшылары да қосылды.

«Мен барлық алматылықты қалыс қалмай, экологиялық акцияға қатысуға және қаланың көркеюіне үлесін қосуға шақырамын!» – деп үндеу тастады бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Алуа Балқыбекова. 

Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері де «Жарқын күз» науқанына белсенді түрде қатысып, қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіне отырып, аулаларды қоқыстан тазартып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жарқын күз #Таза Қазақстан #спортшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);