Алматыдағы гимназияға «Әлем бейнесі» картинасының көшірмесі табысталды

Алматыдағы гимназияға «Әлем бейнесі» картинасының көшірмесі табысталды Сурет: видеодан скрин

Алматыдағы Ораз Жандосов атындағы №105 гимназияға Гиннестің рекордтар кітабына енген «Әлем бейнесі» картинасының көшірмесі табысталды.

Ол – World Painting халықаралық әлеуметтік арт-жобасына қатысушылардың туындысы. Туындының көшірмесін ұсынған авторлар – Даут Шайхисламов пен Дана Орманбаева, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

 Жарты ғасыр бұрын ашылған мектепте қазір 2600 оқушы бар. 1996 жылы гимназия ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектебі мәртебесін алды. Білім ошағы оқушыларды халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялауды мақсат тұтады.

Әлия Сандықбаева, №105 мектеп-гимназия директоры:

- Бұл сурет әлемді шарлады. Картина бейбітшілік, ынтамақ пен бірлік сақталсын деп салынған. Қоғамды ізгілендіру, халықтар арысындағы мәдени әрі рухани қарым-қатынасты нығайту идеясы ЮНЕСКО негізгі даму бағдарламасына жатады. Осы түсінікті оқушылардың санасына сіңіріп, тәлім-тәрбие беруге тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47

14:05

12:14

11:48

11:17

10:55

10:13

09:41

09:05

20:41

18:46