AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Алматыдағы форумда жастардың жаңа Конституцияны қа...

Алматыдағы форумда жастардың жаңа Конституцияны қабылдаудағы рөлі айтылды

Жаңа Конституция 18.03.2026, 16:20 235 dulatbekova
Алматыдағы форумда жастардың жаңа Конституцияны қабылдаудағы рөлі айтылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Форумға қоғам өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері, сарапшылар мен академиялық орта өкілдері қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның ашылуында Алматы қалалық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі, Алматы қалалық жалпыұлттық коалициясының жетекшісі Мейіржан Отыншиев қатысушыларды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.

– Референдум жөніндегі орталық комиссияның мәліметіне сәйкес, дауыс берген азаматтардың 87 пайыздан астамы жаңа Конституцияны қолдады. Бұл – қоғамның жаңару бағытын саналы түрде таңдағанын көрсетеді, – деді спикер.

Сондай-ақ, жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында алматылықтардың ұсыныс-пікірлері ескерусіз қалмағаны атап өтілді.

– Жаңа Конституция – ең алдымен болашақ ұрпақтың игілігі үшін қабылданған құжат. Жастардың өз азаматтық ұстанымын білдіруі – еліміздегі әлеуметтік-саяси мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілгенінің дәлелі, – деді Меиржан Отыншиев.

Алматы қалалық JAIDARMAN филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов те жастарға осы маңызды оқиғаға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

– Әрқайсымыз тарихи кезеңнің куәсі болдық. Жастардың ел болашағына бейжай қарамай, жауапкершілік танытуы қуантады. Бұл қадам Қазақстанда әділетті әрі прогрессивті қоғам құруға жол ашады деп сенемін, – деді ол.

Сонымен қатар, референдум қорытындыларын журналист Ботагөз Тұрсынова, қалалық студенттік омбудсмен, Студенттер альянсының төрағасы Айболат Сембиев және Satbayev University оқытушысы Руслан Нұрлыбаев қолдады.

Театрға жиналған жастар Қазақстан туын желбіретіп, спикерлерді қызу қолдады. Әлеуметтік желілерде танымал жасанды интеллект кейіпкеріӘділет есімді Барыс та жастарға қолдау көрсетті.

Қорытындылай келе, форум тек референдумның қоғамдық-саяси маңызын талқылайтын алаң емес, ел дамуының негізгі бағыттары төңірегінде азаматтардың бірлігін көрсеткен маңызды жиын болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #форум #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – халықаралық отбасы күні

Бүгін 09:41

Отбасы күні: ұзақ жыл отасудың сыры неде?

Бүгін 09:22

15 мамырда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:31

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Кеше 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Кеше 19:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);