конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыдағы физика-математика олимпиадасында 16 елд...

Алматыдағы физика-математика олимпиадасында 16 елдің оқушылары бақ сынайды

Білім және ғылым 08.01.2024, 11:57 1,409
Алматыдағы физика-математика олимпиадасында 16 елдің оқушылары бақ сынайды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда мерейтойлық ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды


2024 жылғы 8-13 қаңтар аралығында Алматыда О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты базасында Білім және ғылым министрлігінің және қала әкімдігінің қолдауымен дарынды балаларға арналған ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Олипиада үш бұрын онлайн форматта өтсе, биыл офлайн форматта өтіп жатыр. Олимпиада аясында дәстүрлі түрде физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер арасында үш пән бойынша байқау өткізіледі. Мұның басқа халықаралық олимпиададан ерекшелігі осында және жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту үшін осы ғылыми пәндердің маңызын көрсетеді. Жарыс екі кезеңнен тұрады – теориялық және тәжірибелік тұрғыда қатысушылар тапсырмалар орындайды. Олимпиаданың қорытындысы әр пән бойынша жеке есепте шығарылады.


«Жәутіков атындағы олимпиаданың ауқымы мен кеңінен танылуы Алматы үшін маңызды оқиғаға айналды. Мықты физика-математика мектебімен танымал қаламыздың оқушыларының жеңісі мен жетістігін мақтан тұтамыз. Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан мен шетелдерде зор жетістікке қол жеткізіп келеді. Олар MIT, KAIST, Йель, Кембридж сынды әлемдегі ең беделді университеттердің студенттері», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев олимпиаданың ашылу салтанатында.


Сондай-қа, қала әкімі Алматыда Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізу игі дәстүрге айналғанын айтты. 2005 жылы алғаш рет өткізілген кезде 5 мемлекеттен 189 оқушы қатысқан еді. Биыл олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румынияны қосқанда, әлемнің 16 елінен 600-ге жуық қатысушы, 85 команда қатысады.



         Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеке рейтинг, сонымен бірге, мамандандырылған мектептердің мықты командаларының рейтингі шығарылады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар беріледі. Бұған қоса, жеңімпаздарға сыйлықтар мен білім беру гранттары қарастырылған.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #математика #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Кеше 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);