Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыдағы балалардың инфекциялық ауруханасының ба...

Алматыдағы балалардың инфекциялық ауруханасының бас дәрігері коронавирус дертінің зардаптары туралы айтты

Медицина 06.09.2021, 05:29 775
Алматыдағы балалардың инфекциялық ауруханасының бас дәрігері коронавирус дертінің зардаптары туралы айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Балалардың қоғамдық орындарға баруын шектеуге тырысу керек.


COVID-19 бейімделіп, мутацияға ұшырады. Егер өткен жылы Алматыда дерттің ауыр түрімен ауруханаға жатқызылған балалардың саны 10-15%-дан аспаса, биыл жаңа штамм инфекцияның ағымына және белгілеріне өзгерістер енгізді. Бұл туралы қалалық клиникалық балалардың инфекциялық ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ержан Сералиннің айтуынша, балалар коронавируспен жиі ауырады, бірақ оларда ауруға ересектердегідей иммундық жауап жоқ, әдетте аурудың ағымы оларда жеңіл болады. 



«Бұл балаларға сақ болу қажет емес дегенді білдірмейді, өйткені балалардың әлсіреген иммунитетпен дертті жұқтыруы, созылмалы аурулары болса, онда коронавирустың қауіпті болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн», - деді бас дәрігер. 



Оның үстіне, балалар – коронавирустың әмбебап тасымалдаушылары, сондықтан ересектер жауапты болуы керек, вакциналанған болса да, қоғамдық орындарда бетперде мен әлеуметтік қашықтықты ескерген жөн. 


Ержан Сералин инфекцияға бір жасқа дейінгі балалардың да бейім екенін айтты. 



«Жас шектеуі жоқ, көбінесе бұл мобильді жастағы балалар. Клиникалық көрініске келетін болсақ, егер өткен жылы катаральды белгілер басым болса, биыл катаральды синдроммен қатар асқазан-ішек жолдарының бұзылу жиілігі, сондай-ақ летаргия, аппетит пен температураның төмендеуі сияқты жалпы интоксикация белгілері байқалады. Біздің ауруханаға орташа ауырлықтағы балалар жиі түседі. Дерті асқынған балалар да болады. Әрине, дерттің ауырлығы мен барысы баланың бастапқы жағдайына, анамнезде бұрыннан бар аурулардың қатар жүруіне де байланысты екенін атап өткен жөн», - деді Ержан Сералин. 



Қалалық клиникалық балалардың инфекциялық ауруханасының бас дәрігерінің айтуынша, балалар дертті үйдегі ересектермен байланыс кезінде жұқтырады. 



«Балалар арасындағы дерт жұқтыру ересек тұрғындар арасында жұқтырудың артымен тікелей байланысты. Ересектер арасында жұқтыру төмендесе, онда балалар арасында індет жұқтыру да азаяды. Ал дерттің алдын алатын жалпыға ортақ жалғыз тиімді жол - вакцина салдыру. Сонда ғана біз өзімізді де, балаларымызды да қауіпті дерттен қорғай аламыз», - деп жалғастырды сөзін Ержан Сералин. 



Балалардағы коронавирустың асқынуы пневмонияның өршуінен байқалады, жиі емес, бірақ қауіпті постковидты қабыну синдромы көптеген органдар мен жүйелердің зақымдайды. 



«Біздің клиникада жұқпалы аурулардың жетекші мамандары мен реаниматологтар, мамандандырылған невропатологтар, кардиологтар, пульмонологтар, эндокринологтар, нефрологтар, хирургтар тәулік бойы байланыста болатын мультидисциплинарлы топ құрылды. Әрбір күрделі клиникалық жағдай талқылауға шығарылады. Қажет болған жағдайда созылмалы ауруларға қарсы терапиялық коррекция жүргізіледі. Біз әр балаға өте мұқият қараймыз, барлық қажет сараптамалар мен қосымша тексерулерді үлкен жауапкершілікпен жүргіземіз», - деді Ержан Сералин. 



Дәрігер адамдар көп жиналатын жерлерге, қоғамдық көлікте, кафелер мен сауда орталықтарына барғанда инфекция қаупі әлі де жоғары екенін еске салды. Сондықтан бұрынғыдай алдын алу шараларын сақтап, балаларға осыны үйрету қажет. 



«Жақында, коронавирустан басқа, маусымдық ЖРВИ және тұмау аурулары белең алатын болады. Коронавирустан айырмашылығы, бұл инфекциялар балаларды аямайды және оларда ересектерге қарағанда ауыр болуы мүмкін. Сондықтан, бүгінде балалардың қоғамдық орындарға баруын шектеуге тырысу керек және қажет болған жағдайда ғана олармен бірге болып, қоғамдық көлікте қашықтықты сақтау және медициналық масканы дұрыс тағу керек», - деп ұсыныс білдірді дәрігер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #кви #COVID-19
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика