AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Алматыдағы балалар ғылыми музейінің ашылуы Сингапу...

Алматыдағы балалар ғылыми музейінің ашылуы Сингапурда талқыланды

Әлем 14.04.2026, 10:16 179 yakiya
Алматыдағы балалар ғылыми музейінің ашылуы Сингапурда талқыланды

Сингапурда Алматы балалар ғылыми музейінің (ACSM) өкілдері мен шетелдік серіктестер — Science Centre Singapore және Kingsmen Creatives Ltd компанияларының қатысуымен кездесу өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тараптар музейді ашуға дайындықтың негізгі кезеңдерін талқылады.

Жоба Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі алғашқы балалар ғылыми орталығы болмақ. Музей биыл маусым айында келушілерге есігін айқара ашады. Кездесу барысында білім беру мазмұнын әзірлеу мен музей қызметкерлерін даярлау жұмыстарына ерекше назар аударылды.

ACSM жобасын іске асыру жетекшісі Майра Тұрғанова жобаның қазіргі жай-күйін таныстырды.

«Science Centre Singapore-мен серіктестік аясында Алматы балалар ғылыми музейіне білім беру бағдарламалары бойынша франшиза және өзге де зияткерлік құқық берілді. Әрбір экспозиция сингапурлық серіктестермен бірлесіп әзірленіп, ұлттық ерекшелікке бейімделді. Олар Арал теңізінен бастап киіз үй құрылымының ғылыми түсіндірмелерді қамтиды. Бүгінде Science Hub ACSM галереялары мен зертханалары үшін 130-дан астам білім беру бағдарламасы әзірленді», — деді Майра Тұрғанова.

Science Centre Singapore — 49 жылдық тарихы бар, жыл сайын 1 миллионнан астам адам келетін әлемдегі жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Орталық KidsSTOP балалар ғылыми кеңістігінің операторы саналады, дәл осы модель ACSM жобасын әзірлеуге негіз болған.

«Алматыда Science Centre Singapore брендін таныстыру біз үшін маңызды қадам. Бұл ғылыми сауаттылықты жаһандық деңгейде дамытуға деген ұстанымымыздың көрінісі. Тәжірибеміз бен білім беру әдістерімізді бөлісе отырып, Қазақстандағы жас буынға ойын арқылы оқуға негізделген ортада білім алу мүмкіндігін ұсынғымыз келеді», — деді Singapore Science Centre Global бас директоры Эндрю Тан.

Ал Kingsmen Creatives Ltd компаниясының өкілі Энтони Чонг жоба аясында Қазақстанның мәдени ерекшеліктерін барынша көрсетуге мән берілгенін жеткізді.

«Бұл иммерсивті, интерактивті әрі білім беретін кеңістік болады. Ол біздің компания үшін де, Қазақстан үшін де халықаралық жобаларды тиімді басқарудың үлгісіне айналады деп сенемін», — деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Бүгін 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Бүгін 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Бүгін 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Бүгін 18:18

Алматыда «Қазақстанның қолжазба мұрасы: сақтау, зерттеу және цифрлық гуманитаристика» атты халықаралық конференция өтеді

Бүгін 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);