AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз а...

Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

Алматы 06.05.2026, 09:48 630
Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

Алматыда автокөлік шығарындыларына жүргізілген мониторинг аясында №3 коммуналдық автобус паркі тексерілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері айтты.

Кәсіпорын мамандарының мәліметінше, автопаркте 289 автобус тіркелген, оның 40-ы жөндеуде тұр. Тексеру барысында мамандар 249 көлікті тексерді.

Соның нәтижесінде 50 автобуста пайдаланылған газдарды тазартуға арналған негізгі құрылғы – катализатордың жоқ екені белгілі болды.

Мониторинг атмосфералық ауаны қорғау талаптарын жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. Оның басты міндеті – қаладағы негізгі ластаушы көздердің бірі саналатын автокөлік шығарындыларын азайту.

Экологиялық талаптардың сақталуын бақылау тұрақты негізде жүргізілетінін атап өткен жөн. Мәселен, Экология департаменті бірқатар автокөлік кәсіпорнына қатысты жоспардан тыс тексеру өткізді. «NEO City TRANS» ЖШС мен «TALAP T» ЖШС автобус парктерінде жүргізілген өлшеу нәтижелері кейбір көліктерде зиянды шығарындылардың белгіленген нормадан асып кеткенін көрсетті.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 333 және 334-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жалпы сомасы 13,3 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар кәсіпорындарға кемшіліктерді жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дзюдошы Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанды

Бүгін 21:57

Алматыда Үкімет, Құрылтай және Халық кеңесінен құралған жұмыс топтары халықпен кездесті

Бүгін 21:42

«Агрегат НС» ЖШС-нің жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылды

Бүгін 21:07

Наурызбай ауданындағы үш жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылды

Бүгін 20:54

Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

Бүгін 20:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);