конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы автобус паркі жаңа 800 қоғамдық көлікпе...

Алматыдағы автобус паркі жаңа 800 қоғамдық көлікпен толығады

Әлеумет 27.06.2022, 17:02 1,198
Алматыдағы автобус паркі жаңа 800 қоғамдық көлікпен толығады
Сурет: Ашық дереккөз

Жоспар 2025 жылға дейін жүзеге асуы керек


Алматыдағы автобус паркі су жаңа 800 қоғамдық көлікпен толығады. Жоспар 2025 жылға дейін жүзеге асуы керек. Бұл ақпарат бүгін әкімдіктің баспасөз қызметі жариялаған қаланың даму жоспарында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 


Қала тұрғындары үшін өзекті деп танылған мәселелердің қатарында аялдамалар мен қоғамдық көлік жайы да бар. Мәселен, азаматтар тарапынан түскен өтініштердің 11 пайызы автобустың жетіспеушілігіне, маршруттар мен жүру кестесіне қатысты екен. Ендігіде, аталған мәселені шешу үшін 2025 пен 2030 жылдарға нақты жоспар бекітіліп отыр.  


Алматыда 470 мың жеке көлік пен 230 мың автомобиль сыртан келеді. Кептелістер мен қоғамдық көліктің қызметіне қатысты арыз-шағымдар да осы арада туындайды. Лық толы автобустар мен олардың сағатына 20 шақырымнан да төмен жылдамдығы – көптің көкейін тескен әуелгі мәселе екені анық.


Аталған мәселелерді біржақты ету үшін алдағы 3 жылда 200 жаңа троллейбус сатып алу, газбен жүретін автобустар үшін 2 парк, 5 газ құю бекетін салу және заманауи форматтағы 200 аялдаманы іске қосу көзделіп отыр. Сондай-ақ 2030 жылға дейін батыс бағытта метроның жаңа 3 бекеті салу жоспарда бар. Жаңадан 800 автобус қосылады.



«Негізі 800 аз сан емес, бүгінде біздің есебіміз бойынша 1000-нан кем болмауы тиіс. Қоғамдық кеңесте мен басқарған комиссияның негізгі бір бағыты - қоғамдық транспорт мәселелері. Сондықтан, біз қала әкімінің берген осы мағлұматтарын өте жақсы қабылдадық», – деді қалалық қоғамдық кеңестің өкілі Борис Жаппаров.



2025 жылға қарай қоғамдық көліктегі күнделікті сапарлар 1,7 миллионға дейін ұлғаяды деп күтіліп отыр. Бұл көрсеткіш қазір шамамен 1,4 миллионның айналасында. Қалай болғанда да, жыл сайын шара қабылдауды талап ететін сала 2030 жылға дейін бір шешімін табуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #Алматы #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өңірлердің жылу беру маусымына дайындығы талқыланды

Бүгін 10:26

Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл жоспарын бекітті

Бүгін 10:06

28 тамызда Құрылтайдың бірінші сессиясы өтеді

Бүгін 09:56

2027-2029 жылдары Қазақстанның ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 5%-дан жоғары болады

Бүгін 09:31

Үкімет Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

Бүгін 09:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);