Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы ауа сапасы туралы ресми деректерді тек...

Алматыдағы ауа сапасы туралы ресми деректерді тек Қазгидромет ұсынады

Барлығы 27.11.2025, 17:47 348
Алматыдағы ауа сапасы туралы ресми деректерді тек Қазгидромет ұсынады
Алматы әкімдігі

Алматыдағы атмосфералық ауаның жағдайы тек «Қазгидромет» РМК-ның бақылау бекеттерінен алынған мәліметтер негізінде жүргізіледі. Бұл қызметтің барлық құрылғысы сертификатталған, мемлекеттік тізілімге енгізілген және міндетті тексеруден өткен. Бұл туралы Алматының экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады.

Қала аумағында 16 стационарлық бақылау бекеті орнатылған. Осы бекеттердің деректері бойынша ауа сапасының көрсеткіштері қолданыстағы санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес қалыптастырылады.

Бұл ретте, түрлі жекеменшік немесе калибрленбеген құрылғылар тарататын ақпарат ресми болып саналмайды. Мұндай датчиктердің жарамды сертификаты жоқ, олар тексеруден өтпеген және мемлекеттік өлшеу құралдары тізіліміне енгізілмеген. Сондықтан мұндай құралдардан алынған ақпаратты сенімді дерек ретінде қолдануға болмайды.

Қазгидромет мәліметінше, биыл 24-25 қарашада жоғары (10 ШРК-дан жоғары) және аса жоғары (50 ШРК-дан жоғары) ластану деңгейі тіркелмеген. Жекелеген бекеттерде кейбір заттар бойынша 1,0-2,1 ШРК шамасында бір реттік аздаған асу байқалды.
 
Қаладағы қазіргі түтін құбылыстары ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларымен қатар антропогендік факторларға да байланысты. Соның бірі инверсия, яғни жылы ауа қабаты төменгі суық қабатты жауып, тік бағытта ауа алмасуына кедергі келтіретін құбылыс.

Қарашаның желсіз ауа райы, көпжылдық бақылаумен салыстырғанда жоғары температура, жауын-шашынның болмауы және жылыту маусымының белсенділігі атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді. Ластаушы көздер жеке тұрғын үйлер, өндірістік нысандар және қала аумағында пайдаланылатын шамамен бір миллионға жуық автокөлік.

Бүгінде Алматының ауа бассейнін негізгі ластаушы — автокөлік көлігі (шығарындылардың 60%-ына дейін). Қалған бөлігі өнеркәсіптік кәсіпорындарға, жеке секторға және қатты отын пайдаланатын моншаға тиесілі. Сондықтан олардың әсерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта Алматы қаласы әкімдігі тиісті жұмыстар жүргізіп, атмосфералық ауаны қорғау ережелерінің жобасын әзірледі. Бұл ережелер төмен шығарындылы аймақта автокөлік пайдалануға шектеулер енгізуді, үшінші санаттағы кәсіпорындардың экологиялық реттелуін және ауаға зиянды заттар шығарындыларын азайтуға бағытталған басқа да нормаларды қамтиды.

Ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазгидромет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ірі өнеркәсіп кәсіпорындары жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 08:54

Актер Алматының жастарын референдумға шақырды

Бүгін 08:48

Тұман, жел мен қалың қар: 3 наурызда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:31

2026 жылғы ақпанда жылдық инфляция 11,7%-ға жетті

Кеше 22:01

Президент Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке арнайы құттықтау хат жолдады

Кеше 21:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі