конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы әскери жоғары оқу орнында жас офицерлер...

Алматыдағы әскери жоғары оқу орнында жас офицерлермен кездесу өтті

Әлеумет 19.11.2024, 14:16 1,157 dulatbekova
Алматыдағы әскери жоғары оқу орнында жас офицерлермен кездесу өтті
Сурет: Gov.kz

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында соңғы екі жылда білім ордасын аяқтап, рота командиріне дейін өскен жас офицерлермен кездесу өтті. 

Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орнының курсанттары, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери мектептердің тәрбиеленушілері мен жас офицерлердің туған-туыстары қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Қарулы күштердің сапалы жаңа офицерлер корпусын қалыптастыру жөніндегі Қорғаныс министрлігінің 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жоғары оқу орындары өз түлектерінің келешегін қадағалайды. 

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары полковник Бауыржан Әбіров 14 үздік жас офицерге «Үздік маман» белгісін және бағалы сыйлықтар табыс етті.

Қарулы күштердің ардагері генерал-полковник Әлібек Қасымов түлектерді айтулы күнмен құттықтады. 

– Әрбір офицер мәдениеті жоғары және өз ісінің майталманы болып қана қоймай, оны жеке құрамнан талап етуі маңызды. Барлық жағынан салмақты болуға тырысып, әсіресе қол астындағылардың әрекеттерін бағалауға қатысты мәселелерді қарастырған кезде асығыс шешім қабылдамау керек. Сонда ғана сендерге сеніп тапсырылған бөлімшелер жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, әскери тәртіптің қажетті деңгейін сақтай алады, – деді ол.

Жас офицерлердің кәсіби қалыптасуы жеке өміріндегі маңызды оқиғалармен қатар жүретіні анық. Іс шара барысында аға лейтенант Дмитрий Фоменко өзінің сүйіктісі Аринаға отау құруға ұсыныс жасады. 

Салтанатты шара Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының шығармашылық тобы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әскери жоғары оқу орны #офицерлермен кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Кеше 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Кеше 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Кеше 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Кеше 16:48

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді

Кеше 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);