AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Цифрлық жұмыспен қамту: адамның құқықтық мәртебесі...

Цифрлық жұмыспен қамту: адамның құқықтық мәртебесі қатынастардың нақты сипатына қарай айқындалуы тиіс

Саясат Бүгін 16:46 34
Цифрлық жұмыспен қамту: адамның құқықтық мәртебесі қатынастардың нақты сипатына қарай айқындалуы тиіс
Gov.kz

Жаңа Азаматтық кодекс еңбек және арнайы заңнамамен өзара үйлесімділікте платформалық қатынастарға түсінікті құқықтық қағидалар белгілеуі қажет, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының экономика салалары және әлеуметтік сала заңнамасы бөлімінің ғылыми қызметкері Батраханов Арман Аблайханұлы Жаңа Азаматтық кодексті жетілдіруге қатысты ойларымен бөлісті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген нақты міндеттердің бірі – цифрлық жұмыспен қамтудың оңайлатылған құқықтық режимін қалыптастыру. Сонымен қатар Президент 2027 жылы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне цифрлық платформалар арқылы өнім өткізуге, қаржылық және логистикалық сервистерді пайдалануға мүмкіндік беретін пилоттық жобаларды іске қосуды тапсырды.

"Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастаманы қолдаймын. Цифрлық жұмыспен қамтудың дамуы кешенді құқықтық тәсілді қажет етеді деп санаймын. Бүгінде цифрлық платформалар азаматтар қызмет көрсететін, тапсырыстар орындайтын, тауарларын сататын және табыс табатын дербес экономикалық ортаға айналды. Алайда мұндай қатынастардың сыртқы қарапайымдылығының артында күрделі құқықтық мәселелер тұр. Тапсырыс орындалмаған жағдайда кім жауап береді? Платформа ынтымақтастық талаптарын біржақты өзгертуге немесе орындаушының аккаунтын бұғаттауға құқылы ма? Орындалған жұмыстың көлемі мен сыйақы мөлшері қалай расталады? Қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда тұтынушы алдында кім жауапты болады?" – деді заңгер.

Бұдан бөлек, Арман Аблайханұлының пікірінше, еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық қатынастардың аражігін ажырату мәселесі бар. Ынтымақтастықтың цифрлық платформа арқылы жүзеге асырылуы немесе қызмет көрсету шартының жасалуы қатынастардың автоматты түрде азаматтық-құқықтық сипатқа ие болатынын білдірмейді. Оларды құқықтық тұрғыдан саралау кезінде орындаушының дербестік деңгейі, бағыныстылығы, жұмыс барысына бақылау жасалу сипаты және өзге де заңдық маңызы бар мән-жайлар ескерілуі тиіс.

Осыған байланысты жаңа Азаматтық кодекс еңбек және арнайы заңнамамен өзара үйлесімділікте платформалық қатынастарға түсінікті құқықтық қағидалар белгілеуі қажет. Атап айтқанда, шарт талаптарының ашықтығына, сыйақыны есептеу және төлеу тәртібіне, платформа қатысушылары арасындағы жауапкершілікті бөлуге, сондай-ақ орындаушылардың цифрлық сервистерге қол жеткізу құқығын негізсіз шектеуден қорғауға назар аудару маңызды.

Сонымен бірге кәсіпкерліктің жаңа нысандары мен өзін-өзі жұмыспен қамтуға артық кедергілер жасалмауы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Қазатомөнеркәсіптің" топ-менеджері жемқорлық күдігімен ұсталды

Бүгін 16:30

Шетелдік сарапшы Алматының сәулеттік жаңаруына жоғары баға берді

Бүгін 15:59

«Мұндай қалалар сирек кездеседі»: оңтүстіккореялық сәулетші Алматының қандай ерекшелігіне таңғалғанын айтты

Бүгін 15:57

Алматыда автобус маршруттарын жоспарлау кезінде халықаралық тәжірибе ескерілген

Бүгін 15:54

Аят Сүгірбай: Әділетті Қазақстанда жершілдік пен рушылдыққа жол бермеу керек

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);