конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы ақылы автотұрақтардың экс-басшыларын қа...

Алматыдағы ақылы автотұрақтардың экс-басшыларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Әлеумет 18.10.2022, 05:14 1,001
Алматыдағы ақылы автотұрақтардың экс-басшыларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сурет: Inform.kz

7 айға ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды.


«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС бұрынғы директоры Марат Принбеков пен «AlanParking» ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылғы 14 қазанда сот қаулысымен тергеу органдарының Принбековке қатысты қамауда ұстау мерзімін 15 қарашаға дейін 7 айға ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп мәлім етті Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.



Сондай-ақ, қаланың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 23 қыркүйекте тергеу органдарының Базарбаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімін 7 айға, яғни 26 қазанға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтінішін қанағаттандырған.


Айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімі бұған дейін де ұзартылған болатын. 


Еске салсақ, «Alan Parking» ЖШС директоры Мұхтар Базарбаев 14 сәуір күні екі айға қамауға алынды. «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбеков та қамауда отыр. 


25 сәуірде «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің 70% мөлшеріндегі үлесін және «Alan Parking» ЖШС-нің 100% үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс түсіп, ақылы автотұрақтар қаланың коммуналдық меншігіне өз еркімен қайтарылғаны хабарланған. 


Айта кетейік, Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі алғаш рет 2016 жылы енгізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сот #Шешім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

Бүгін 19:01

QR арқылы криптовалютамен төлем жасау енгізіледі

Бүгін 16:30

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті

Бүгін 15:41

Бірінші топтағы мүгедектігі барлар арнайы орын билетін онлайн сатып ала алады

Бүгін 15:23

Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Бүгін 14:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);