Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыдағы ақ халатты Алмаға алғыс

Алматыдағы ақ халатты Алмаға алғыс

Медицина Бүгін 11:27 27
Алматыдағы ақ халатты Алмаға алғыс
автордан

Медицинада жүрген қыз-келіншектердің еңбегі ұшан-теңіз. Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-дің эндоскопист-дәрігері Алма Хабижанованың 22 жылдық еңбек жолы осы институтпен тығыз байланысты.

Алма Серікқызы денсаулық сақтау саласында 28 жылдан астам уақыт табысты еңбек етіп келеді. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «емдеу ісі» мамандығын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын Алматы қалалық аймақтық диагностикалық орталығында эндоскопист-дәрігер болып бастады. Оның еңбек жолының басым бөлігі – 22 жылы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтымен байланысты. Мұнда ол клиникалық ординатураны тәмамдап, гастроэнтеролог, эндоскопист, ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді және кейінгі 11 жыл бойы эндоскопия бөлімшесін басқарып келеді.

Ол 2025 жылы бөлімше базасында ашылған заманауи білім беру алаңы – эндоскопиялық оқу орталығының тәлімгері. Бұл орталықта Қазақстаннан ғана емес, Орталық Азия елдерінен келген эндоскопист дәрігерлер де біліктілігін арттыруда. Дәрігерлер заманауи құрал-жабдықтармен дұрыс әрі тиімді жұмыс істеуді үйренеді. Себебі бұл – пациенттердің қауіпсіздігі мен денсаулығының кепілі.

«Біз дәрігерлерімізге ең заманауи технологиялар мен әдістемелерге қолжетімділік ұсынуға бірегей мүмкіндік алдық. Бұл орталық Орталық Азиядағы эндоскопиялық қызметтің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз», – дейді «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Алма Серікқызы.

Ол кәсіби біліктілігін үнемі арттырып, шеберлік сыныптарына қатысады, жергілікті, ұлттық және халықаралық конференциялар мен конгрестерде баяндама жасайды.

Оны жауапкершілік, ұқыптылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, сондай-ақ адамдарға көмектесуге әрдайым дайын болу қасиеттері ерекшелейді. Көптеген пациент тексерілу үшін дәл осы дәрігердің қабылдауына жазылуға тырысады.

«Медицинадағы әйел кәсібилікті, жауапкершілікті және ерекше сезімталдықты біріктіреді. Дәл осы үйлесім көптеген жылдар бойы мамандыққа деген сүйіспеншілікті сақтауға көмектеседі», – дейді ол.

Институттың әлеуметтік желідегі парақшаларында және 2GIS платформасында дәрігерге және ол жетекшілік ететін бөлімшеге арналған алғыс пікірлер көптеп кездеседі. Соңғы пікірлердің бірі (Alina Steblyanko, 2GIS, 2026 жылғы 4 ақпан):

«Стационар туралы, әсіресе институттың эндоскопия және гастроэнтерология бөлімшесіне деген алғысымды жеткізгім келеді. Бүгін анаммен асқазанды тексеруге келдік, дәрігерлердің кәсібилігіне, адамгершілік қарым-қатынасына және бөлімшедегі жайлы ахуалға риза болдық. Дәрігерлер мен мейіргерлерге еңбектері үшін көп рақмет!».

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

№2 мектепте Халықаралық әйелдер күніне арналған әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырылды

Бүгін 12:53

Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардың 284 млн теңгеге жуық берешегін анықтады

Бүгін 12:42

Алғыс айту күні: Алматыда зағип жандарға тегін көз тексерісі ұйымдастырылды

Бүгін 12:23

Жыр алыбына тағзым: Жамбыл рухы жаңғырған кеш

Бүгін 12:08

Алматыда Еріктілер жылы – 2026 салтанатты түрде ашылды

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі