AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Алмалы ауданында екі медициналық нысан,...

Алматыдағы Алмалы ауданында екі медициналық нысан, оңалту орталығы мен жаңа мектептер ашылады

Алматы 01.04.2026, 11:36 507
Алматыдағы Алмалы ауданында екі медициналық нысан, оңалту орталығы мен жаңа мектептер ашылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыдағы Алмалы ауданында екі медициналық нысан, оңалту орталығы мен жаңа мектептер ашылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арман Шәмшин Алмалы ауданында білім беру, денсаулық сақтау мен спорт жүйесі қалай дамып жатқанын баяндады.

Оның айтуынша, бүгінде ауданда 49 мектеп, 60 балабақша мен 25 медициналық ұйым жұмыс істейді. Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту мен кеңейту жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатыр.

Білім беру саласында биыл бірнеше ірі жоба жүзеге асырыла бастаған.

Атап айтқанда, қыркүйек айына дейін 600 оқушыға арналған №58 мектептің ғимараты қайта жаңғыртылады. Маусым айында №16 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат пайдалануға беріледі, сондай-ақ №124 мектеп ғимаратына сейсмикалық күшейту жұмысы мен күрделі жөндеу аяқталады.

№128 мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. №134 пен №135 мектепке қатысты сейсмикалық күшейту жұмысынан бас тарту туралы шешім қабылданды: мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша бұл жұмыс тиімсіз деп танылған, қазір құжаттар қайта қаралып жатыр.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде де жаңарту жұмыстары жоспарланған. Маусым айында №10 балабақшада күрделі жөндеу аяқталып, шілде айында Тастақ шағынауданында жаңа балабақша пайдалануға берілмек.

Қосымша тағы төрт мекемеге — №13, №21, №43 балабақша мен Мәуленов көшесіндегі «Теремок» балабақшасына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Денсаулық сақтау саласында жыл соңына дейін ауданда екі маңызды нысан ашылады: жаңа перзентхана мен бір ауысымда 500 адам қабылдайтын замандық емхана (Айтеке би мен Масанчи көшесінің қиылысында орналасқан). Арман Шәмшиннің айтуынша, құрылыс жұмысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Абылай хан даңғылының бойында балаларға арналған қалалық оңалту орталығы ашылады. Жоба қазір мемлекеттік сараптамадан өте бастады.

Спорт саласында Тастақ шағынауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпфункционалды спорт орталығы салынып жатыр. Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 40%-ды құрайды, құрылысты қараша айында аяқталады.

Арман Шәмшин атап өткендей, барлық жоба аудан тұрғындары үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Бүгін 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Бүгін 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Бүгін 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Бүгін 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);