AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Алматы құшағында Бүгін 17:08 35 yakiya
Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда әйел кәсіпкерлердің жобалары арқылы 307 жұмыс орны ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту барысында әлеуметтік жобаға, жергілікті өндіріске, білім беру бастамасы мен жаңа жұмыс орнын ашуға көп көңіл бөлініп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, қоғам қайраткері әрі кәсіпкер Сана Жандай осылай деді.

Спикердің айтуынша, Алматы кәсіпкері ең көп орталық болып қалған. Әйелдер мұнда қызмет көрсету, онлайн-сауда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік кәсіпкерлік, тігін мен азық-түлік өндірісі саласында еңбек етіп жүр. Индустриялық аймақта әйелдер басқаратын 22 кәсіпорын да жұмыс істейді, оның ішінде 11 өндірістік нысанмен 11 шағын өнеркәсіптік парк бар.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау негізгі бағыттың бірі болып отыр. Қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік нысандардың тізіміне 155 кәсіпкер енген, олардың 74%-ы әйелдер.

«Әйелдер кәсіпкерлігі қазір қаланың әлеуметтік тұрақтылығы мен экономикалық өсімінің маңызды факторына айналып отыр. Әсіресе көпбалалы аналар мен әлеуметтік кәсіпкерлер арасында бастаманың тұрақты өсіп келе жатқанын көріп отырмыз», — деді Сана Жандай.

Кәсіпкер әйелдер үшін гранттар, микро несиелеу, оқыту, консультациялық сүйемелдеу, жеңілдетілген негізде ғимараттар беру мен инфрақұрылымдық қолдау сияқты түрлі қолдау құралдары қарастырылған:

2025 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында 647 көпбалалы әйел оқудан өтіп, 281 қатысушы 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант алыпты. Биыл Алматыда тағы 380 грантты қаржыландыру көзделіп отыр.

2022 жылдан бері жалпы сомасы 369 млн теңгеге 81 кәсіпкер грант иеленіп, 307 жұмыс орнықұрылды. Оның 225-і әйелдерге арналған.

«Бизнесті іске қосуға қолдау көрсету ғана емес, оның өсуі мен ауқымын кеңейтуге жағдай жасау мақсатымыз. Көп жоба алғашқы грантты алғаннан кейін тұрақты даму моделіне шықты», — деп атап өтті спикер.

Сана Шайхановнаның айтуынша, 2026 жылы әлеуметтік кәсіпкерлік, цифрлық сервистер, креативті индустриялар, жергілікті өндіріс, экологиялық таза өнім мен отбасылық бизнес ең өтімді бағыттың қатарында болмақ.

Сонымен қатар «Бір ауыл — бір өнім» жобасына ерекше назар аударылып отыр. Бұл жобакәсіпкерлерге жергілікті өндірісті дамытып, өнімдерін ілгерілетіп, 5 млн теңгеге дейінгі грантқа үміткер болуға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында әйелдер кәсіпкерлігіне қатсты 151 жобаға жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеден астам қолдау көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 17:32

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Бүгін 17:09

Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары ашылады

Бүгін 17:06

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты

Бүгін 16:31

Алматыда Ж. Үшкемпіров көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);