AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы 200-ден астам зейнеткер «Шыңға өрлеу» ә...

Алматыдағы 200-ден астам зейнеткер «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтарында авторлық сабақтар өткізуде

Әлеумет 30.09.2021, 06:24 1,722
Алматыдағы 200-ден астам зейнеткер «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтарында авторлық сабақтар өткізуде
www.gov.kz

Қайырымдылық жасауға жас кедергі емес. Алматы қаласының кез келген тұрғыны ерікті бола алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Жәнібек Қаратаев мәлім етті. Ол мегаполисте 200-ден астам зейнеткер өскелең ұрпақ үшін сабақ өткізіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz




«Егде жастағы еріктілер арасында өмір бойы жұмыс істеп жүргендер де аз емес. Сондықтан 2020 жылы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы бойынша «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы» жобасы іске қосылды. Мақсаты – тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан төменгі сынып оқушылары мен ерекше қажеттілігі бар балаларға өмірлік тәжірибесін, білімі мен дағдыларын беру үшін аға буын мен мүгедек адамдарды қоғамдық өмірге тарту», - дейді Жәнібек Қаратаев.



Қала әкімінің тапсырмасы бойынша және "Шетсіз қала" бағдарламасы аясында клуб Алматының әр ауданында ашылды. Бүгінгі таңда 11 «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жұмыс істейді.


Онда зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардан тұратын 203 педагог жұмыс істейді. Олар бастауыш мектептің негізгі жалпы білім беретін пәндері бойынша авторлық сабақтар (математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, IT-технология), сондай-ақ қосымша білім берудің шығармашылық және спорттық сабақтары (шахмат, қолөнер, хореография, музыка, актерлік шеберлік) ұсынады. 9 айдың қорытындысы бойынша 2,2 мыңға жуық бала оқытудан өтті.


Жәнібек Қаратаев Алматыда жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғыз басты ерлі-зайыпты және егде жастағы отбасылық жұптар үшін әлеуметтік тұрғын үй жұмыс істейтінін, қазіргі уақытта 51 адам тұратынын хабарлады. Сондай-ақ, «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы, бұрынғы Ардагерлер үйі жұмыс істейді, онда 288 адам қамтылған.


Сонымен қатар, аудандық әкімдіктер жанында әлеуметтік қызметкерлер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді. Барлығы 2 773 қарт адамға күтім көрсетіледі.


Алматыда жасы бойынша зейнеткерлерге жол ақысына 50% жеңілдік беріледі, ал 75 жастан асқан тұрғындар қалалық қоғамдық көлікте тегін жүреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шыңғаөрлеу #Алматы #қарттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Кеше 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика