AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Алматы 04.04.2026, 11:13 478 Сұлу
Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Оңтүстік саябақта журналистер мен блогерлер еккен жаңа аллея пайда болды. Іс-шара қаланың экологиясына салғырт қарай алмайтын медиа өкілдерінің басын қосып, жасыл-желекке оранған қала қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадамға айналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Акцияны осы жолы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Бостандық ауданы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Бұл күні саябаққа 25 БАҚ өкілі мен блогер жиналып, қаланы көгалдандыруға әркім өзінше үлес қосты.

Акцияға қатысқандар ағаш егіп қана қоймай, саябақтың аумағын тазалап, бейресми жағдайда бір-бірімен пікір алмасты. Іс-шарада БАҚ өкілдері бір-бірімен танысып, бәрі Алматыны көркейте түсуге ниетті екенін байқатты.

Әсіресе Tengrinews ақпарат агенттігінің редакциясы белсенділік танытып, бірден 7 қызметкер акцияға қатысты. Олардың қатарында журналист Ирина Грибовская да болды. Ол мұндай бастамаға жылда қатысады екен. Бұл жолы қызын жетектеп келіп, оған жастайынан табиғатқа қамқор болуды үйретіп жүр.

Экологиялық акцияға урбанист-блогер Тихон Шутов та қосылды. Алматының тумасы қаладағы жасыл-желекті сақтап, қалалық ортаны дамытуға бағытталған кез келген бастаманы қолдайтынын айтып отыр.

Журналистердің алдында Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков сөз сөйлеп, экология мәселесінде қоғам, медиа мен жергілікті билік күш біріктіргені қалған адамдарды да осы іске ынталандыратынын айтады. Оның пікірінше, мұндай акциядан кейін көпшілік те қоршаған ортаға қамқор бола бастайды.

«Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны гүлдендіруге әр адам үлес қоса алатынын тағы дәлелдеді. Өзгерісті әркім өзінен бастауы керек.

Оңтүстік саябақтағы Журналистер аллеясы қаланың көрікін ашып қана қоймай, табиғат пен Алматының болашағына деген ортақ қамқорлықтың символына айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #журналистер #аллея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);