AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды

Оқиға 30.03.2026, 13:56 424
Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды

Алматыда жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Кадрларда жартылай жалаңаш ер адам жедел жәрдем көлігінің ішіне кіруге тырысқан сәт көрсетілген, оның қолында пышақ бар. Қасында тұрған ер адам оны тартып алған.

"Алматыда ер адам алдымен дәрігерлерді пәтерге қамап қорқытқан, ал олар шыққан соң пышақпен қуған", – делінген сипаттамада.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жетісу аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша "Медициналық қызметкерге немесе жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қарсы зорлық-зомбылық немесе қауіп төндіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Полиция мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы пациентке шақыртуға барған кезде, сол жерде тұрған оның ұлы алкогольдік мас күйде агрессивті әрекет жасап, қорқытып, қауіпті заттарды көрсеткен. Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция шақыртылған. Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық және әділ тергеуі үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Алматы полициясы азаматтарды заңдылықты сақтауға, медициналық қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құрметпен қарауға, провокацияға берілмеуге және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

2026 жылғы 7 наурыздан бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер бойынша медициналық қызметкерлерге қарсы физикалық күш қолдану және қауіп төндіру жағдайында жазалау күшейтілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жедел жәрдем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті

Бүгін 11:05

ЖИ-көмекші арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орналасты

Бүгін 10:04

Тоқаев Қорғаныс министрін қызметінен босатты

Бүгін 09:21

Азиада-2026: Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын түсті

Бүгін 09:03

Мемлекет басшысы Түрікменстан басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 08:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);