AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық...

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Мәдени Алматы 02.04.2026, 09:34 554
Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Қыркүйекте Алматыда Германия, Қытай, Қазақстан және Орталық Азия елдерінен келген суретшілердің басын қосатын «Бес элемент: энергия трансформациясы» атты халықаралық көркем көрме өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Көрме Германияның Brú – Kunst und Kultur Austausch und Förderung Global Arts & Culture Organization e.V. қауымдастығының бастамасымен жүзеге асырылады. Жоба бұған дейін Берлин мен Стамбұлда өткен халықаралық көрмелер сериясының жалғасы саналады.

Көрмені ұйымдастыру Almaty Tourism Bureau мен Brú ұйымы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде қолға алынған. Құжат бірлескен арт-жобаларды жүзеге асыруға және алматылық суретшілерді халықаралық деңгейде танытуға бағытталған.

Көрменің негізгі идеясы «жасыл» энергетика тақырыбын бес элемент — металл, ағаш, су, от және жер философиясымен үйлестіруге негізделген. Экспозицияда инсталляциялар, мүсіндер, кескіндеме туындылары мен фотосуреттер, соның ішінде қайта өңделген индустриялық материалдардан жасалған жұмыстар ұсынылады.

Жоба халықаралық мәдени диалогты күшейтіп, Алматының креативті индустриялар мен мәдени туризм орталығы ретіндегі мәртебесін одан әрі арттыра түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);