AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда жастар арасында кітап оқу чемпионаты баст...

Алматыда жастар арасында кітап оқу чемпионаты басталды

Мәдениет Бүгін 11:23 47
Алматыда жастар арасында кітап оқу чемпионаты басталды

Алматы жастары «Оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны аясында кітап оқу чемпионатына қатысып, ақшалай сыйлық ұтып ала алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ол үшін ұсынылған төрт шығарманың бірін оқып, сол кітап туралы бейнерецензия дайындау қажет. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

Байқауды Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Skill All қысқамерзімді курстарының жобалық кеңсесі ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және пікірін дәлелмен жеткізуге үйрету.

Қатысушылар мына төрт шығарманың бірін таңдай алады: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Олжас Сүлейменовтің «АЗ и Я», Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» және Арман Әлменбеттің «Тергеуші» кітаптары.

Таңдалған шығарма туралы ұзақтығы 1-3 минут болатын бейнерецензия түсіру керек. Онда кітаптың негізгі идеясын ашып, шығармадан кемінде екі мысал келтіру және жеке қорытынды жасау қажет.

Байқауға қатысу үшін тіркеліп, Instagram желісінде таңдалған кітаптың атауы мен #oqitynult хэштегі көрсетілген жазба жариялау керек. Дайын бейнерецензия да осы хэштегпен жариялануға тиіс.

Жұмыс төрт өлшем бойынша бағаланады: шығарманың мазмұнын түсіну, пікірді дәлелдеу деңгейі, ой тұжырымдарының дербестігі, баяндаудың қисындылығы мен түсініктілігі. Ең жоғары баға – 100 ұпай.

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 400 мың теңге. Жеңімпазға 100 мың теңге, екінші орын алған екі қатысушыға 75 мың теңгеден, ал жүлделі орын иеленген тағы үш қатысушыға 50 мың теңгеден беріледі.

Бейнерецензиялар 19 қазанға дейін қабылданады. 20-22 қазан аралығында қазылар алқасы жұмыстарды бағалайды, ал 23 қазанда қорытынды іс-шара өтіп, жеңімпаздар жарияланып, марапаттар табысталады.

Ұйымдастырушылар чемпионат жастардың классикалық және заманауи әдебиетке қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқыған кітаптары туралы пікір алмасып, шығармаларды тереңірек талқылауға жол ашады деп сенеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап оқу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 15 мың тұрғынды сумен қамтитын нысан жаңғыртылды

Бүгін 11:58

Еуразияның бірыңғай көлік жүйесін дамыту және транзитті 100 млн тоннаға дейін ұлғайту: Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

Бүгін 10:30

Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

Бүгін 10:18

Медеу – Шымбұлақ жолы уақытша жабылады

Бүгін 10:05

Бейсенбіде еліміздің 17 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);