Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне е...

Алматыда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды

Барлығы 21.02.2026, 13:29 231
Алматыда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Алатау ауданындағы №196 жалпы білім беретін мектепте «Заманауи білім берудегі тренд – жасанды интеллектті енгізу және дамыту жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шараның мақсаты – білім беру саласында жасанды интеллектті қолданудың заманауи бағыттарын талқылау, озық тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ педагогтер, ғалымдар және IT мамандары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту.

Бүгінде білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне тиімді енгізу – өзекті бағыттардың бірі. Осыған байланысты конференция аясында білім сапасын арттыруға ықпал ететін нақты тәжірибелер мен тиімді тәсілдер қарастырылды.

Конференция барысында:

• білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолданудың тиімді модельдері;

• цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу және пайдалану;

• педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру;

• жасанды интеллекттің оқу сапасына әсері мен болашағы секілді маңызды мәселелер талқыланды.

Жиынға еліміздің жетекші ғалымдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп және колледж педагогтері, IT саласының сарапшылары мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Қатысушылар баяндамалар ұсынып, секциялық отырыстарда тәжірибелік пікір алмасты.

Конференция білім беру жүйесін жаңғыртуға, инновациялық технологияларды кеңінен енгізуге және жасанды интеллектті тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Негізгі спикерлер қатарында:

Алматы қаласы Білім басқармасы Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми өкілдері, сондай-ақ №196 жалпы білім беретін мектептің әкімшілігі мен пән мұғалімдері болды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау ауданы #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика