AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматы 01.04.2026, 14:14 238 Сұлу
Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады
Алматы әкімдігі

Алматыда 4 сәуірден бастап №130 жаңа қалалық автобус бағыты іске қосылады. Бұл бағыт көлік қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың қатынау жайлылығын жақсартуға бағытталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасына сілтеме жасап.

Маршрутқа «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге Yutong маркалы 15 автобус шығарылады. Бұл ұзындығы 10 метр болатын заманауи төмен еденді автобустар. Әрқайсысына 80 жолаушыға дейін сыяды, бұл қарбалас уақытта жолаушыларға тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жылжымалы құрам жоғары жайлылық деңгейімен, кеңдігімен, бірқалыпты қозғалысымен ерекшеленеді және қауіпсіздік пен экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.

Қозғалыс аралығы 9 минут, бұл жолаушыларға ұзақ күтпей, сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді.

№130 бағыт Қалқаман шағынауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухананы «Көктөбе» соңғы аялдамасымен байланыстырады. Бағыттың жалпы ұзындығы 21,5 км. Автобустар күн сайын сағат 05:30-дан 23:00-ге дейін қатынайды.

Маршрут бойында автобустар Райымбек батыр, Сейфуллин, Достық даңғылдары, Сәтбаев көшесі және қаланың басқа да маңызды көшелері арқылы өтеді.

Сондай-ақ автобустар бұрын қоғамдық көлік жүрмеген Бұқар жырау бульвары бойымен де қатынайды.

Жаңа бағыт қаланың батыс және орталық бөліктері арасындағы байланысты жақсартып, әлеуметтік нысандарға, медициналық мекемелерге және танымал қалалық орындарға қолжетімділікті арттырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);