конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматыда жалпыұлттық референдум басталды: 653 сайл...

Алматыда жалпыұлттық референдум басталды: 653 сайлау учаскесі ашылды

Референдум 15.03.2026, 07:00 671
Алматыда жалпыұлттық референдум басталды: 653 сайлау учаскесі ашылды
aqshamnews.kz

Бүгін таңғы сағат 07:00-де Алматы қаласында 653 сайлау учаскесі ашылып, жалпыұлттық референдумға дауыс беру басталды. Алғашқы минуттан-ақ қаланың барлық ауданындағы учаскелерде тұрғындардың белсенді қатысуы байқалды. Көптеген алматылық демалыс күні таңертең ерте келіп, дауыс беруді жөн көрген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл күй қалыптасты. Қала тұрғындары үшін естелік суретке түсуге арналған тақырыптық фотоаймақтар ұйымдастырылып, дәстүр бойынша алғаш дауыс берген азаматтарға шағын сыйлықтар ұсынылды.

Алматыда барлық азаматтың дауыс беруіне қатысуына қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген. Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін бюллетеньдерге арналған Брайль қарпімен жазылған арнайы трафареттер дайындалды, ал дауыс беру кабиналары ерекше қажеттілігі бар адамдарға бейімделген. Сонымен қатар учаскелерде цифрлық қолдау ұйымдастырылып, онлайн сурдоаудармашылар есту қабілеті бұзылған азаматтарға қажетті ақпарат алуға көмектеседі.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың учаскелерге баруын жеңілдету үшін «Инватакси» қызметі де іске қосылды. Бұл қызмет тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді. Ал жасы үлкен немесе денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтар үшін үйде дауыс беру ұйымдастырылған. Сайлау комиссиясының мүшелері көшпелі жәшіктермен тұрғындардың мекенжайына барып, әрбір азаматтың референдумға қатысуына мүмкіндік жасап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны өткен жылдан екі есе жылдам жүріп жатыр

Бүгін 10:30

Курчатовта Семей полигонының 1950 жылдардағы есептері көрсетіледі

Бүгін 10:23

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді

Бүгін 10:01

Үкіметте инфляция динамикасы және бағаның өсуіне жол бермеу шаралары талқыланды

Бүгін 09:34

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін 09:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);