Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда заңсыз қоқыс төгетін жерлер көбейіп барад...

Алматыда заңсыз қоқыс төгетін жерлер көбейіп барады

Әлеумет 22.12.2021, 04:31 1,045
Алматыда заңсыз қоқыс төгетін жерлер көбейіп барады
Сурет: Inform.kz

Табиғат жанашырлары алаңдаушылық білдіріп отыр


Мегаполистің экобелсенділері дабыл қағуда. Бұған ғарыштан түсірілген фотосуреттер де дәлел. Наурызбай ауданының шетіндегі қазандық әуелде құрылысқа қажетті материал алу үшін қазылған. Қайта қалпына келтірілмеген шұңқыр қазір қоқыс төгетін орынға айналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 



«Карьер мен үйлердің арасы бірнеше метр ғана. Ал талап бойынша мың метр болуы тиіс. Тұрғындардың шағымы облысқа жіберіледі, бірақ ешқандай шара қолданылмайды. Сондықтан мәселеге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі назар аударса дейміз», - дейді «Алматыны қорғаймыз» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Салтанат Тәшімова.



Қалада тұрмыстық және құрылыс қалдықтары үйілген бірнеше жер бар. Ғарыштық мониторинг қызметі арқылы бір ғана Медеу ауданында 9 заңсыз қоқыс алаңы анықталған.



«Қалдықтарды өңдейміз деп қазандық қазып, қоқыс қабылдайды. Оның ішінде тыйым салынған органикалық қалдықтар да бар. Мұның бәрі топырақты, жерасты суларын ластайды. Жерді пайдалану құқығы да сақталып жатқан жоқ. Ашық жатқан қоқыстың иісі ауаға тарап, жақын жердегі тұрғындарды улайды», - дейді «ҚазЭкология» республикалық ғылыми-өндірістік орталығы бас директорының міндетін атқарушы Мирас Байсейітов.



Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына сәйкес, 2021 жылдың басында Қазақстанда 16,3 млрд тонна қоқыс жинақталған. Бұл көрсеткішке заңсыз төгілген қоқыстар көлемі кірмеген. Мамандар «жаңа Экологиялық кодекс бойынша жүйелі жұмыс істелгенде ғана бұл мәселе шешімін табады» деп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #қоқыс #экобелсенділер дабылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Кеше 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Кеше 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Кеше 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Кеше 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика