AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Шымкент креативті индустрия мамандарының жаңа орта...

Шымкент креативті индустрия мамандарының жаңа орталығына айналмақ

Білім және ғылым Бүгін 13:24 32
Шымкент креативті индустрия мамандарының жаңа орталығына айналмақ

2026 жылғы 16 қарашада Қазақстан Үкіметі Шымкент қаласында Ұлттық мәдениет және өнер университетін құру туралы қаулы қабылдағаны мәлім. Қаулыға сәйкес, жаңа оқу орны республикалық мемлекеттік мекеме болып құрылады, оны басқаратын уәкілетті орган – Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Жаңа жоғары оқу орны жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру ұйымдарының тізіміне енгізілді. Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігіне, ғылым және жоғары білім министрлігіне және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қаулыны орындау үшін қажетті шараларды қолдану тапсырылды.

Жаңа университет Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің мәдениет және өнер факультетінің негізінде құрылады. Оқу бағдарламалары, оқытушылар мен студенттер жаңа басқару жүйесіне біріктіріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Алматы ғылым, мәдениет және зияткерлік дамудың ірі орталықтары екенін атап өтіп, кезекті міндет ретінде Шымкентті оңтүстік өңірдің ғылыми-білім беру орталығына айналдыруды ұсынды. Мемлекет басшысы Шымкенттегі Әуезов атындағы университетке ұлттық мәртебе беру туралы шешімді өзі қабылдағанын айтты.

Басқаша айтқанда, бұл – өңірлер арасындағы теңгерімді сақтау әрекеті. Ал мәдени тұрғыдан қарасақ, университет қала өмірін рухани байытатын өнерпаздардың жаңа буынын қалыптастырады. Шымкентте сондай-ақ университетпен бірге, жаңа опера және балет театрын салу жоспарланған. Екі шара қатар жүзеге асса университет пен сахна бір-бірін толықтыра түсері анық.

Оқу бағыттарына үңілсек, кино және драматургия, кино мен теледидар режиссурасы, графика және мультимедиа, медиаменеджмент, операторлық өнер, дыбыс режиссурасы – бәрі бір арнаға тоғысқанын байқаймыз. Яғни мұнда сахнада ойнайтындар мен кадрда көрінетіндер ғана емес, сахнаның сыртында, көрерменнің көзіне ілікпей жұмыс істейтін мамандар да даярланады. Былтыр қазақстандық режиссер Жаннат Алшанованың дебюттік фильмі Таллиндегі Black Nights кинофестивалінің Балтық байқауына іріктелді, ал туынды Франция, Нидерланды, Литва және Швециямен бірлесіп түсірілген. Мұндай жетістікке жету үшін тек режиссер емес, продюсер, оператор, дыбыс режиссері, менеджер де қажет. Жаңа университеттің бағдарламаларында осы жағы ескерілгені байқалады.

Бұл – өте құптарлық жайт. Өйткені «креативті индустрия» деп отырғанымыздың өзі шын мәнісінде осындай іскерлік машықтар болып шығады. Шымкент әкімдігі жариялаған хабарламада Қазақстанда тұңғыш рет цирк өнері бойынша жоғары білімді мамандар даярлау жоспарланғаны айтылған. Цирк – бізде дәстүрлі, жұрт сүйетін өнер, бірақ оның өнерпаздарына жоғары білім беретін жүйе әлі болмаған. Бұл жоспар жүзеге асса, аталған өнер түрлеріне кәсіби мәртебе беретін маңызды қадам болар еді.

Шымкенттегі Ұлттық мәдениет және өнер университетінің ашылуы – құптарлық қадам. Бірақ оның қаншалықты тиімді, нәтижелі болатыны оқытушылар деңгейі, тәжірибе базасының бар-жоғы және түлектердің жұмысқа орналасуы арқылы анықталмақ. Осы үш мәселе жақсы ойластырылған болса, жаңа университет оңтүстіктің өнер картасына шынымен өзгеріс енгізе алады.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті

Бүгін 13:18

Алматыда сәулет және қала құрылысына арналған SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтеді

Бүгін 13:05

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті

Бүгін 12:15

Ұлттық ұланда ЖИ мен цифрлық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды

Бүгін 12:05

Алматының Жетісу ауданында радикалды ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді

Бүгін 11:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);