конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іск...

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Алматы 06.04.2026, 12:20 293 Сұлу
Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.\

Алматы тұрғындары «Заң мен әділдік – елдің іргетасы» жобасы аясында заң жағынан тегін көмек ала алады: қалада заңгерлердің жедел тобы жұмыс істейді, барлық ауданда көшпелі кеңес өтеді, қоғамдық орындарда құқықтық нүктелер мен жедел желі де іске қосылады, сондай-ақ дайын құжат үлгілері бар чат-бот та жұмыс істемек. Өңірлік коммуникациялар қызметінде бастаманың жетекшісі Айгерім Қадырқұлова осы жобаның мүмкіндігі туралы айтып берді. Оның айтуынша, негізгі мақсат — құқықтық сауаттылықты арттырып, заңға бағынатын мәдениет қалыптастыру екен.

«Біз халықтың құқықтық сауатын арттырып, заңға бағынатын мәдениет қалыптастыруды мақсат етіп отырмыз. Қазір құқықбұзушылықтың едәуір бөлігін әдейі емес, заңды білмегеннен істеп жатыр. Адамдар өз құқығын түсіне бермейді, заң жағына да көбі олақтау», — дейді Айгерім Қадырқұлова.

Жоба заң көмегін барынша қолжетімді етуге бағытталған. Қалада заңгерлік жедел топтар жұмыс істейді, барлық ауданда көшпелі кеңес өткізіледі, сондай-ақ қоғамдық орындар мен аулаларда құқықтық нүктелер мен тұрғындармен кездесу де ұйымдастырмақшы. Жедел желі мен чат-бот та ашылған, онда өтініш, шағым мен басқа да құжаттың үлгісін алуға болады.

«Заңды білетін адам заң бұзбайды. Хұқығы бұзылғанда ондай адам өзін заңды түрде қорғай алады. Қандай әрекеттің заңды екенін, көмек алу үшін қайда жүгіну керектігін түсіну саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Айгерім Қадырқұлова.

Жобаға мемлекеттік органдар, Қоғамдық кеңес мүшелері мен заңгерлік қауымдастық өкілдері қатысады. Мұндай тәсіл заңгер мен адвокат кеңесінен бастап, медиацияға дейін жан-жақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Заң жағынан тегін көмекті 8 (747) 104 76 69 телефоны арқылы алуға болады. Барлық өтініш тіркеліп, талданады, бұл ең жиі кездесетін мәселелерді анықтап, қайталама сұраныстар санын азайтуға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ жоба әлеуметтік желідегі ақпараттық науқанды, бейнероликтер мен ағартушылық материалдарды қамтиды. Жобаны іске асыру тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылық деңгейін төмендетіп, саналы әрі жауапты қоғам қалыптастыруға ықпал етпек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #заң #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Бүгін 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Бүгін 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Бүгін 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Бүгін 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);