Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда "Заманауи экстремизм: жағдайы және оған қ...

Алматыда "Заманауи экстремизм: жағдайы және оған қарсы іс-қимыл" тақырыбында дөңгелек үстел өтті"

Барлығы 08.07.2025, 10:59 513
Алматыда "Заманауи экстремизм: жағдайы және оған қарсы іс-қимыл" тақырыбында дөңгелек үстел өтті"
Сурет: cu.edu.kz
Caspian University-де «Заманауи экстремизм: жағдайы және оған қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті
 
Caspian University қабырғасында Жоғары құқық мектебі «Әділет», Каспий университетінің Қоғамдық құқық ғылыми-зерттеу институты және «Тұран» университетінің Құқық ҒЗИ ұйымдастыруымен «Заманауи экстремизм: жағдайы және оған қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
 
Іс-шараның мақсаты – экстремизм мәселесіне қоғам назарын аудару, бұл құбылыстың қауіп-қатерін саралап, тиімді қарсы әрекет етуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу.
 
Дөңгелек үстелді Caspian University ректоры, PhD докторы, профессор Нусенов Жолдасбек Муслимұлы ашып, өз сөзінде заманауи экстремизмнің – еліміздің конституциялық құрылымы мен оның институттарына, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарына тікелей қауіп төндіретін аса қауіпті әлеуметтік құбылыс екенін атап өтті. Оның пікірінше, экстремизммен күрес – кешенді шараларды талап ететін маңызды міндет. Бұл бағытта тек мемлекет қана емес, мемлекетаралық ынтымақтастық та шешуші рөл атқарады.
 
Дөңгелек үстелдің спикерлерінің бірі, Caspian University Қоғамдық құқық ҒЗИ директоры Караев Алипаша Агаханович, жастар арасында экстремистік көзқарастардың артуына назар аударды. Ол экстремизмге қарсы күресте құқықтық тетіктермен қатар, тәрбиелік және білім беру шараларының маңызы зор екенін ерекше атап өтті.
 
Іс-шара барысында қатысушылар заманауи экстремизмге қатысты түрлі қырларын талқылады. Құқықтық аспектілермен қатар, оның тарихи, әлеуметтік, мәдени және діни тамырларына да терең назар аударылды.
 
«Тұран» университетінің Құқық ҒЗИ директоры Акімжанов Талғат Құрманұлы өз баяндамасында экстремизмнің елдің ұлттық қауіпсіздігіне төндіретін нақты қауіп екенін айтып, «экстремизм» және «терроризм» ұғымдарының заң жүзінде нақты айқындалуын ұсынды.
 
Ресейдің Сочиде орналасқан Әділет университетінің профессоры Иванников Иван Андреевич экстремизмнің себептері мен оның қазіргі қоғамдағы пайда болу негіздеріне тоқталды. Ғалымның айтуынша, экстремизм тек діни немесе саяси сипатта емес, сонымен бірге экономика, мәдениет, білім беру және ұлтаралық қатынастарда да көрініс табады.
 
Профессор атап өткендей, нарықтық қатынастар қылмыс, әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық және қоғамдағы жіктелу секілді мәселелермен бірге өрбиді. Материалдық пайданы ғана көздеу – қоғамның рухани әлеуетінің төмендеуіне, адамгершілік құндылықтардың құлдырауына әкеледі.
 
Экстремизмнің негізгі себептері ретінде келесі факторлар аталды:
• Адам құқықтарының жиі бұзылуы мен қоғамдағы әділетсіздік;
• Құқықтық және моральдық тәрбие жұмыстарының әлсіздігі;
• Мемлекеттік-құқықтық құндылықтардың толық қалыптаспауы;
• Коррупция мен әлеуметтік әділетсіздік;
• Жастардың құқықтық және саяси сауатының төмендігі;
• Халықтың әл-ауқатының төмендігі;
• Мемлекеттік органдар тарапынан қорғансыз қалған азаматтардың өз бетінше әрекет етуге бейімделуі.
 
Қатысушылар пікірінше, экстремизммен күресте заңнаманы жетілдірумен қатар, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету негізгі басым бағыттарға айналуы тиіс.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #заманауи экстремизм #дөңгелек үстел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Кеше 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Кеше 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Кеше 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Кеше 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика