AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жө...

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Медицина 02.04.2026, 14:53 490
Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Алматыда Еуропа және Орталық Азия бойынша ЮНИСЕФ-тің өңірлік кеңсесі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп ұйымдастырған патронаждық қызмет жүйесін нығайтуға арналған кеңес өтіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның мақсаты — қатысушы елдерге негізгі ұсынымдарды енгізу мен жүзеге асыруға қолдау көрсету, сондай-ақ балалар мен отбасыларға көрсетілетін медициналық-санитарлық алғашқы көмектің маңызды құрамдас бөлігі ретінде үй жағдайындағы патронаждық қызметті кеңейту.
 
Кеңеске патронаж бағдарламаларын жоспарлау мен іске асыруға жауапты 35 маман қатысып отыр. Олардың қатарында денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстан елдеріндегі ЮНИСЕФ қызметкерлері бар.

Бағдарлама аясында әр елдегі патронаждық қызмет жүйелері талқыланып, жетілу деңгейін бағалау моделі (MMA) негізінде өңірлік шолу жүргізіледі. Кеңестің екінші күні қатысушылар медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдары базасында осы тәсілдердің тәжірибелік жүзеге асырылуымен танысты.
 
Кеңес аясында ЮНИСЕФ делегациясы Алматыдағы №36 қалалық емханаға барды. Бұл медициналық мекеме қаланың қарқынды дамып келе жатқан Наурызбай ауданындағы тұрғындарға қызмет көрсетеді.
 
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің өкілі Мағрипа Ембергенова, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тиісті бөлім басшысы Жадыра Ахметова қатысты.

Емхана директоры Гүлжайнат Тілеген мекеменің қызметін таныстырып, әмбебап-прогрессивті патронаж моделін енгізу тәжірибесіне тоқталды. Қатысушылар патронаждық медбикелердің жұмысы, цифрлық шешімдер мен медициналық деректерді басқару жүйесін көрді.

Сондай-ақ, көшпелі қызмет барысында қолданылатын медициналық сөмкелер, диагностикалық жабдықтар мен құралдар көрсетілді.

Патронаж моделі жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерте жастағы балаларға олардың тәуекел деңгейін ескере отырып, жүйелі бақылау жүргізуді көздейді. Бұл тәсіл ауытқуды дер кезінде анықтауға, алдын алу шараларын тиімді жүргізуге және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған тәсіл еліміздің барлық емханасында енгізіліп, ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы медициналық-санитарлық алғашқы көмектің негізгі стандартына айналғаны айтылды.

Кеңес қорытындысы халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйесін одан әрі жетілдіруге оң ықпал етеді деп болжанып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#юнисеф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медицина қызметкерлеріне маска тағуға міндеттелді

Бүгін 14:14

Алматы – Токио тікелей рейсі Жапониямен туристік байланысты нығайтады

Бүгін 13:06

Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтті

Бүгін 13:00

Келесі айдан бастап Алматы–Токио арасында тікелей рейстер ұшады

Бүгін 12:15

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентін құттықтады

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);