AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ыстық ауа райы әлі сақталады

Алматыда ыстық ауа райы әлі сақталады

Әлеумет 21.07.2022, 12:26 1,206 Almaty-akshamy
Алматыда ыстық ауа райы әлі сақталады
сурет: Aikyn.kz

Консультативтік ауа райы болжамы ұсынылды


Алматыда алдағы аптада ыстық ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы филиалы метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Қисебаевтың айтуынша, Алматыда алдағы аптада ыстық ауа райы әлі сақталады. 



«Таулы аудандарда, жекелеген шатқалдарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Бірақ, бұл негізінен орта таулар мен теңіз деңгейінен 2000 метрден жоғары биік тауларда күтіледі. Қатты ыстық Иран, Ауғанстан, Ирактың аумақтарынан ыстық және құрғақ ауа массаларының Орталық Азия арқылы республиканың оңтүстік жартысына шығарылуына байланысты болады»,- деді ол.



 Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, 22 және 23 шілдеде термометр бағандары 36-38 градус, түнде 21-23 градус жылуды көрсетеді. Сондай-ақ, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Шілде айының үшінші онкүндігіне Алматы қаласы бойынша консультативтік ауа райы болжамы ұсынылды. Оған сәйкес, 24-27 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде + 23+25°, күндіз + 36+38°. 28 шілдеде көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +25+27°, күндіз +35+37° болады. 29-31 шілдеде көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыста екпіні 13 м/с болатын жел соғады, түнде ауа температурасы +23+25°, күндіз +30+32° болады. Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын ыстық өтуден және дене шынықтырумен айналысу үшін көшеге серуендеуден бас тартуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Алматы #ыстық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Бүгін 15:25

Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді.

Бүгін 15:19

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды

Бүгін 15:15

Президент ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отыратынын айтты

Бүгін 15:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);