AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академ...

Алматыда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Білім және ғылым 06.11.2021, 05:45 1,988 Almaty-akshamy
Алматыда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Cурет: nao.kz

Ұлттық білім академиясы 1921 жылы Орынбор қаласында Алаш көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен құрылған


Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 


Іс-шараларға білім беру саласының құрметті қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және Академияда ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, қазақ білімінің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан ғалымдар қатысты. Мерейтойға арналған іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою және Алаш зиялысының музей-үйіне бару рәсімдерінен бастау алды.


Одан соң Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғимаратында Академияның 100 жылдығына арналған конференция өтті. Конференция аясында Академия дамуының тарихи аспектілері, қазақтың көрнекті тұлғаларының оған қосқан үлесі, сондай-ақ Академияның қазақстандық білім беру жүйесін дамыту мен қалыптастырудағы рөлі қарастырылды. 


Салтанатты іс-шара соңында Академия президенті Ғани Бейсембаев конференцияға қатысушыларға Ұлттық білім академиясының дамуы мен қазақ білімінің өркендеуіне, білім берудің мазмұны мен әдістемесін жетілдіруге сіңірген еңбектері үшін алғыс хаттар табыс етті. 


Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 1921 жылы Орынбор қаласында Алаш көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен құрылған. Академия өз қызметін 1933 жылдан бері Алматы қаласында жүзеге асырды, ал 2009 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. 


Академияның мақсаты ғылыми негізделген оқу-әдістемелік, озық инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу арқылы қазақстандық білім-ғылымды заман талабына сай дамыту болып табылады. Осы мақсатқа жету жолында Академия жетекші ғылыми-зерттеу, әдіснамалық, оқу-әдістемелік, консалтингтік хаб ретінде қалыптасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мерейтой #Білім академиясы #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);