Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Вена құжаты аясында әскери бөлімге инспек...

Алматыда Вена құжаты аясында әскери бөлімге инспекция жүргізілді

Әлеумет 03.11.2023, 12:37 1,287
Алматыда Вена құжаты аясында әскери бөлімге инспекция жүргізілді
Сурет: Gov.kz

Германия мен Бельгияның әскери сарапшылар тобы Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасына инспекция жүргізді.


Аталмыш шаралар сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығының еуропалық және стратегиялық қауіпсіздік шарттары мен келісімдерін іске асыру бөлімінің бастығы подполковник Арнұр Ақжігітов Қазақстан қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық өзара іс-қимылға қашанда белсенді және дәйекті түрде қатысатынын және солай болып қала беретінін атап өтті.


Брифинг барысында әскери бөлімнің командирі подполковник Данияр Карманов бригаданың құрылу тарихы, оның міндеттері, мақсаты мен құрамы туралы айтып берді.


Шетелдік сарапшылар барлық санаттағы әскери қызметшілерді парашютпен секіруге қалай дайындайтынын, қару-жарақ пен жүктерді десанттауды қалай іске асыратынын көріп, қалалық жерлерде ұрыс жүргізуді үйрету үдерісімен танысты.


Әскери бөлімнің аумағын тексеру жауынгерлік техниканы, спорт кешенін көрсетуден басталды. Шетелдік делегация өкілдеріне жауынгерлік машиналар паркі, қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу шеберханалары, оқу сыныптары, әуе-десанттық дайындық кешені және әскери қызметшілерді қалалық жағдайларда іс-қимылға үйретуге арналған тактикалық қалашық көрсетілді.


Одан өзге шетелдік өкілдер казармаға, әскери бөлімнің асханасына және жауынгерлік даңқ мұражайына барып, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.


Кездесу соңында әскери инспекторлар Қазақстанның қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындайтынын растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Вена құжаты #инспекция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика