AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда үздік учаскелік полиция инспекторлары мар...

Алматыда үздік учаскелік полиция инспекторлары марапатталды

Заң мен тəртіп 30.08.2026, 11:05 380
Алматыда үздік учаскелік полиция инспекторлары марапатталды
Polisia.kz

30 тамызда Қазақстанда учаскелік полиция инспекторлары қызметінің құрылған күні атап өтіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мереке қарсаңында Алматы қаласы полиция департаментінде учаскелік полиция инспекторларына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы учаскелік инспекторлардың ерекше рөлін атап өтті. Ол қазіргі учаскелік инспектордың міндеті жасалған құқық бұзушылықтарға дер кезінде ден қоюмен ғана шектелмей, олардың алдын алуға, халықпен тұрақты байланыс орнатуға және азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуға бағытталуы тиіс екенін айтты.

Департамент бастығының айтуынша, бекітілген аумақта күнделікті жұмыс жүргізу туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, жанжалдардың ушығуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін атқаруда жоғары нәтижелер көрсеткен, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктілігін танытқан Алматының үздік учаскелік полиция инспекторлары атап өтілді. Қызметкерлерге ведомстволық наградалар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Полиция қызметкерлерінің ата-аналарына да ерекше көңіл бөлінді. Заң талаптары мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғаумен байланысты жауапты мамандықты таңдаған ұл-қыздарын тәрбиелегендері үшін ата-аналарға алғыс білдірілді.

Іс-шарада ішкі істер органдарының ардагерлері де ақжолтай тілектерін жеткізді. Аға буын өкілдері кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қызметкерлерге сабырлылық, принципшілдік, жоғары кәсібилік және қызметтік борышқа адалдық тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);