ffin.kz

Алматыда үш өзенінің арнасы қайта қалпына келтіріліп жатыр

Алматыда үш өзенінің арнасы қайта қалпына келтіріліп жатыр Сурет: Youtube.com

Селді тоқтататын бөгеттер салынып жатыр.


Су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру аясында 2023 жылға дейін Кіші Алматы, Тіксай, Есентай өзендерінің арнасын реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Бұл туралы Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Министр келтірген мәліметке сәйкес, Алматы тау бөктерінде барлығы 50-ден астам мұздық көл бар. Қала халқын селден қорғау үшін Ақсай және Аюсай шатқалдарында селді тоқтататын бөгеттер салынып жатыр.


Оның айтуынша, былтыр Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде 31 сел қаупін автоматтандырылған мониторингілеу станциясы орнатылды, бұл қауіпті учаскелерді нақты уақыт режимінде қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.



«Су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру шеңберінде 2023 жылға дейін Кіші Алматы, Тіксай, Есентай өзендерінің арнасын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталады, Жарбұлақ өзені бойынша жұмыстар жалғасуда. Әкімдік қаланың әр жеріндегі арық желісін реконструкциялау жұмыстарын жүргізуде. Бұл тұрғын үйлерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Юрий Ильин Алматы халқымен кездесу барысында.



Сонымен қатар, ол сел және сырғыма жағдайын бағалау үшін "Қазселқорғау" бөлімшелері алдын алу іс-шараларын жүргізетінін тілге тиек етті.



«Атап айтқанда, жыл бойы бақылау жүргізіледі, маусымдық бекеттер қойылады, жерүсті және аэровизуалды тексерулер, сондай-ақ көшкін учаскелерін нығайту және серпінді қауіпті көлдерді босату бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қабылданып жатқан шаралар көшкін қаупі бар учаскелердің санын 80-нен 68-ге дейін азайтуға мүмкіндік берді, олардың 7-еуі Іле Алатауы паркінің аумағында орналасқан»,- деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31