AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы...

Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Әлеумет 09.05.2025, 11:19 1,036
Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта негізгі мерекелік іс-шаралар өтті. Осы жерде қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жиналғандар соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін қала әкімі, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен олардың туыстары, әскерилер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.

aqshamnews.kz майдангерлерді мерекемен құттықтап, шайқас алаңдарында да, еңбек майданында да көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді. 

Сондай-ақ, зор денсаулық, бақыт пен амандық тіледі. Ардагерлер мен олардың жақындары қала басшылығына көрсеткен құрметі үшін алғыс айтып, алматылықтарға және бүкіл қазақстандықтарға бейбіт өмір мен жақсылық тіледі. Олар естеліктерімен бөлісіп, өлең оқып, әскери әндер орындады.

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойғаннан кейін Алматы әкімі Ерболат Досаев соғыс ардагерлері және олардың туыстарымен бірге Отан соғысы ардагерлері аллеясымен жүріп өтті. Майдангерлермен бейресми әңгіме барысында Ерболат Досаев олардың ерлігіне шын жүректен алғыс айтып, әрқайсысы ел рухының, Отанға деген адалдық пен ерліктің тірі бейнесі екенін, бүкіл елдің мақтанышы екенін атап өтті.

28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында қала тұрғындары мен қонақтары үшін дала асханасы ұйымдастырылып, қазақстандық артистер соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдағы әндерді орындаған мерекелік концерт өтті.

Жеңіс күні Алматыда Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов, С.Нұрмағамбетов, С.Луганский, А.Шәріпов ескерткіштеріне, сондай-ақ, «Отан ұлдарына мәңгілік тағзым», «Белгісіз жауынгердің моласы», «Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ» мемориалдарына гүл шоқтарын қою рәсімдері де ұйымдастырылды.

Соғыс жылдары майданға 1,2 миллион қазақстандық аттанған. Қазақстаннан 100 мыңнан астам жауынгер орден-медальдармен марапатталса, 500-ден аса адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

Бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 21 ардагері тұрады. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында қаланың барлық 8 ауданында ардагерлер аллеясы ашылды. 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында биіктігі 6 метр болатын 29 атаулы жөке ағашы отырғызылды. Жалпы аллеяларда 200 жөке ағашы егілді.

  • Бүгін, Жеңістің 80 жылдығына орай, Алматыда ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы басты сахнада концерттік бағдарлама сағат 21:00-ге дейін жалғасады.
  • Сағат 19:00-де Көктөбе телемұнарасында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың есімі жазылған мультимедиялық құттықтау көрсетіледі. Бұл қазақ батырларына деген құрметтің белгісі.
  • Сағат 21:00-де Абай алаңында 500-ден астам дрон қатысатын ерекше жарық шоуы болады.
    Ашық аспан астында Жеңіс әндері 10 және 11 мамыр күндері де 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында шырқалады.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #aqshamnews.kz #жеңіс күні #Гүл шоқтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қалалық кардиологиялық орталығы Қазақстандағы қалалық клиникалар арасында бірінші JCI аккредитациясын алды

Бүгін 09:06

Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:05

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ел өңірлерінде жаңа әлеуметтік, медициналық, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандар ашылды

Бүгін 08:45

Көкжайлаудың экономикалық пайдасы

Кеше 19:46

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті

Кеше 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);