AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Ұлы Дала Ойындары» ойындары өтіп жатыр

Алматыда «Ұлы Дала Ойындары» ойындары өтіп жатыр

Барлығы 03.08.2024, 15:05 1,208 yakiya
Алматыда «Ұлы Дала Ойындары» ойындары өтіп жатыр
Самат Құсайынов

Қатысушылар көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, аламан бәйге сынды спорт түрлерінен бақ сынауда.

Алматы ипподромында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Ұлы Дала Ойындары» ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сондай-ақ қонақтар үшін асық ату, тоғызқұмалақ, гір көтеру және қол күресінен шеберлік сабақтары ұйымдастырылған.

«Жарыстар ұлттық спортты кеңінен насихаттау, сондай-ақ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын таныстыру мақсатында өткізілуде. Жарыстар спорттың 12 түрінен өтеді. Қатысушылар біздің шақыруымыз бойынша еліміздің әр өңірінен келді», - деді ұйымдастырушылардың бірі Нұрлан Оспанов.

Айта кетерлігі, Аламан бәйгенің жүлде қоры 3 миллион теңге, Құнан бәйгеге 2 миллион теңге тігілген.

Ұйымдастырушылардың тағы бірі Бауыржан Талғатұлының айтуынша, бәйгеден Әкім кубогына үшін іріктеу 11 тамызда өтеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді, оған 89 елден 2 мыңнан астам қатысушы келеді.

Бұған дейін Ж. Үшкемпіров атындағы  Жекпе-жек сарайында қандай жарыстар өтетінін  хабарлаған болатынбыз.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ипподром #Бәйге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);