AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Ұлттық ұланның заманауи әскери қалашығы б...

Алматыда Ұлттық ұланның заманауи әскери қалашығы бой көтереді

Алматы 25.08.2026, 14:56 354
Алматыда Ұлттық ұланның заманауи әскери қалашығы бой көтереді
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Жаңа әскери қалашық толыққанды инфрақұрылымы бар кешен ретінде салынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ауқымды нысан «Самғау» ықшам ауданында орналасқан және шамамен 27 гектар аумақты қамтиды. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Нысанның құрылыс барысын Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков тексерді. Жұмыс барысымен танысу кезінде қалашықта қарастырылған негізгі нысандардың құрылысына басымдық беріліп жатқаны белгілі болды.

Жаңа әскери қалашық толыққанды инфрақұрылымы бар кешен ретінде салынады. Мұнда Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне арналған әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер бой көтереді. Сонымен қатар әскери техникаларды орналастыруға арналған арнайы тұрақтар мен қажетті қоймалар салынады.

Аумақта кинологиялық қалашық та қарастырылған. Бұл қызметтік иттерді ұстауға, үйретуге және кинологиялық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, қалашықта инженерлік құрылыстар мен барлық қажетті коммуникациялар жүргізіледі.

Яғни жаңа нысан тек әскери бөлімнің орналасатын орны емес, қызмет атқаруға, тұруға және күнделікті әскери міндеттерді орындауға қажетті жағдайдың барлығын қамтитын тұтас әскери инфрақұрылымға айналмақ.

Құрылыс жұмыстарының қарқыны жоғары. Жоспарға сәйкес, Алматыдағы жаңа әскери қалашықтың құрылысын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Ұлттық ұланның Алматыдағы материалдық-техникалық базасын нығайтып, әскери қызметшілер үшін заманауи жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Кеше 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кеше 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Кеше 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Кеше 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);