Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда үйдің төбесіне соғылған лифтіге қызмет кө...

Алматыда үйдің төбесіне соғылған лифтіге қызмет көрсететін компанияның сертификаты болмай шыққан

Әлеумет 22.07.2022, 05:36 1,256
Алматыда үйдің төбесіне соғылған лифтіге қызмет көрсететін компанияның сертификаты болмай шыққан
Сурет: Lift-import.ru

Алматыдағы «Mega Towers» тұрғын үй кешенінде 25-қабатқа дейін бар жылдамдықпен көтеріліп барып, үйдің төбесіне соғылған лифтіні тексеру қорытындысы белгілі болды. 


Қазақстан лифтішілер ұлттық қауымдастығының сарапшылары мен Алматы қаласының даму және коммуналдық инфрақұрылым басқармасының қызметкерлері бірлесіп лифтіге техникалық тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Техникалық тексеру нәтижелері бойынша лифт кабинасының тоқтай алмай қалуы тежеу механизмінің ақауы салдарынан болғаны анықталды. Сондай-ақ, машина үй-жайын тексеру кезінде ауа температурасы барлық рұқсат етілген нормалардан асып, +45° көрсеткен. Бұл лифт жабдықтарын қауіпсіз пайдалануға теріс әсер етеді», - деді Қазақстан лифтшілер ұлттық қауымдастығының президенті Ержан Игібаев.



Тексеру қорытындысы бойынша лифтіге қызмет көрсететін «Л.» компаниясының лифтіге қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті беретін аттестаты мен СТ-РК 3305-2018 лифтілері бойынша ұлттық стандартқа сәйкестігі туралы куәлігі болмағаны анықталды.



«Бұл сервистік компанияның қызметтің осы түрімен айналысуға, қызмет көрсетуге шарт жасасуға құқығы жоқ екенін білдіреді», - деп түсіндірді спикер.



Қауымдастық басшысы аталған ЖШС-ның Алматының тағы бірнеше элиталық тұрғын үй кешенінің лифтілерін күтіп ұстауды қамтамасыз ететініне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органдар әкімшілік жазалау шараларын қабылдайды. Компания басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін.



«Л.» компаниясы енді лифтілерге қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу құқығына аттестат пен ұлттық стандартқа сәйкестігі туралы куәлік алуы тиіс. Тек содан кейін ғана лифтілерге қызмет көрсетуі тиіс. Осылайша, компания заңнамада көрсетілген талаптарды орындайды», - деді Ержан Игібаев.



Сонымен қатар, спикер Алматыда лифтілерге қызмет көрсететін 60-қа жуық компания бар екенін атап өтті. Алайда, оларды тексеруде қазір қиындықтар бар. Себебі, 2023 жылға дейін елде шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий қабылданған. Ол ПИК, МИБ, ЖС төрағалары лифтілерге қызмет көрсететін компаниялармен шарт жасаспас бұрын, оларда аттестаттың болуы және барлық талаптардың сәйкестігі тұрғысынан тексеруі тиіс деп есептейді.



«Менің ойымша, лифт — қауіпті техникалық құрылғы. Бұл жерде бірінші орында қызмет көрсететін компанияның кәсібилігі және оның тиісті білікті персоналы тұруы тиіс», - деп мәлімдеді Игібаев.



Еске салайық, Алматыда «Mega Towers» тұрғын үй кешеніндегі лифт 25-қабатқа дейін бар жылдамдықпен көтеріліп, үйдің төбесіне соғылған болатын . Салдарынан жас жігіт зардап шеккен еді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #лифт #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Бүгін 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика