AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда "Тұрмыс" профилактикалық іс-шарасы өтіп ж...

Алматыда "Тұрмыс" профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Заң мен тəртіп 23.01.2026, 10:51 376
Алматыда "Тұрмыс" профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Жасанды интеллект

20–29 қаңтар аралығында Алматы қаласында "Тұрмыс" атты жалпы қалалық жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылып жатыр. Бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатындағы профилактикалық іс-шара.  

Іс-шара барысында Медеу ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тұрғын үй секторында профилактикалық аралау жұмыстарын жүргізіп, есепте тұрған тұлғаларды тексеріп жатыр, сондай-ақ тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру және алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырып жатыр.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған жағдайда, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру.

Медеу ауданы Полиция басқармасының 2025 жылғы қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 780 тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылып, 121 тұлғаға ерекше талап белгіленіп, профилактикалық есепке алынған. Сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес 6 тұлғаға психологиялық көмек көрсетілген.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары аталған профилактикалық жұмыстар 2026 жылы да жалғасын табатынын және оң нәтижеге қол жеткізуге бағытталатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тұрмыс #Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика