AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда тұрғын үйлердің шатырын қардан тазалау жұ...

Алматыда тұрғын үйлердің шатырын қардан тазалау жұмыстарына бақылау күшейтілді

Алматы 12.03.2026, 14:18 697
Алматыда тұрғын үйлердің шатырын қардан тазалау жұмыстарына бақылау күшейтілді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырын қар мен мұздан уақытылы тазалау жұмыстарына бақылау күшейтілді.

Қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті кондоминиум нысандарын басқарушы ұйымдарға жүктелген. Бұл туралы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен тұрғын үй инспекциясының мамандары айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қолданыстағы заңнамаға және ортақ мүлікті күтіп-ұстауға жұмсалатын шығынды есептеу әдістемесіне сәйкес, ПИК, МИБ және басқарушы компаниялар тұрғын үйлер мен оған іргелес аумақтың санитарлық және техникалық жағдайын тиісті деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Міндетті жұмыстардың қатарына шатырларды, кіреберіс маңындағы қалқаларды, су ағар жүйелерін және ортақ мүліктің басқа да құрылымдарын қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау кіреді.

Мұз сүңгілері мен шатырда жиналған мұз қабаттары жүргіншілер мен тұрғындар үшін қауіп төндіреді. Осыған байланысты тазалау жұмыстары уақытылы жүргізіліп, қауіпті аймақтар міндетті түрде қоршалып, тұрғындарға алдын ала ескертілуге тиіс. Барлық жұмыс қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып орындалуы қажет.

Мұндай жұмыстарды дер кезінде ұйымдастырмағаны үшін жауапкершілік басқару ұйымының төрағасына немесе қызмет көрсетуші ұйымға жүктеледі. Егер азаматтарға зиян келсе, олар құқығын заңнамада белгіленген тәртіппен, соның ішінде сот органдарына жүгіну арқылы қорғауға құқылы, деп атап өтті басқарма өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тұрғын үй #Шатыр #тазалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Бүгін 18:15

Күзде қандай көкөніс пен жеміс жеген дұрыс?

Бүгін 15:10

Риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

Бүгін 14:10

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін 12:32

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді

Бүгін 12:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);