AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Тұңғыш президент саябағын қайта жаңғырту...

Алматыда Тұңғыш президент саябағын қайта жаңғырту басталады

Барлығы 19.02.2026, 09:38 266 Сұлу
Алматыда Тұңғыш президент саябағын қайта жаңғырту басталады

Алматыда ең ірі әрі адам ең көп баратын қоғамдық кеңістіктердің бірі – Тұңғыш президент саябағын кешенді қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Бұл туралы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері айтты., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба табиғи ландшафтты, сәулеттік шешімдерді және демалысқа, серуендеуге, белсенді өмір салтына арналған қолайлы инфрақұрылымды үйлестіретін заманауи, жайлы әрі көпфункциялы орта құруға бағытталған. Саябақ 2010 жылы ашылғаннан бері аумақта күрделі жаңғырту жүргізілмеген. Қазіргі таңда инфрақұрылымның бір бөлігі заманауи жайлылық пен функционалдық талаптарға сай жүйелі жаңартуды қажет етеді.

Саябақ Бостандық ауданында, әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің бойында, Іле Алатауының баурайында орналасқан. Жалпы аумағы шамамен 62,4 гектар. Кеңістікте орталық аллея, субұрқақтар кешені, амфитеатр, серуен аймақтары мен веложолдар, сондай-ақ тауға панорамалық көрініс ашылатын демалыс орындары бар.

Қайта жаңғырту барысында табиғи ортаны сақтау, жасыл желек қорын дамыту және келушілердің барлық санаты үшін қолайлы инфрақұрылым құруға басымдық беріледі. Жоба аясында кіреберіс аймағы жаңартылып, жүргіншілер бағыты көріктендіріледі, демалыс орындары жаңарып, жаңа функционалдық кеңістіктер жасақталады.

Жаңғырту тұжырымдамасы британдық ландшафт сәулетшілерінің және ел мамандарының қатысуымен әзірленіп, көркейтудің үздік халықаралық тәжірибесіне негізделген. Негізгі мақсат табиғат, сәулет және заманауи демалыс, қарым-қатынас пен қалалық іс-шараларға арналған мүмкіндіктер үйлесім тапқан саябақ қалыптастыру.

Құрылыс жұмыстары бүкіл аумақты толық жаппай, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алғашқы кезеңде негізгі жұмыстар басталатын саябақтың оңтүстік бөлігі уақытша жабылады. Ал орталық бөліктен кіреберіс аркаға дейінгі аумақ келушілер үшін ашық әрі қолжетімді болып қалады.

Бірінші кезең аяқталған соң жаңартылған бөлік қайта ашылып, жұмыс келесі аумақта жалғасады. Осылайша, қайта жаңғырту барысына қарай саябақтың жекелеген аймақтары кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.

Жобаны іске асыру аумақтың бірегей табиғи әлеуетін сақтауға және жоғары сапалы қалалық орта стандарттарына сай заманауи қоғамдық кеңістік құруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұңғыш Президент саябағы #жаңғырту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);