AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшей...

Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшейтілді: рейд барысында жастар жаппай құқықбұзушылықты анықтады

Заң мен тəртіп Бүгін 11:20 56 Дина
Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшейтілді: рейд барысында жастар жаппай құқықбұзушылықты анықтады
Алматы әкімдігі

Алматыда «Заң және тәртіп» акциясы аясында жастар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Кезекті рейдтік іс-шаралар Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жастар ұйымдары, комьюнити орталықтары, қоғамдық кеңес өкілдері және қала Полиция департаментінің қатысуымен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түнгі тексерулер барысында ондаған ойын-сауық орны — түнгі және компьютерлік клубтар, барлар, кафе мен мейрамханалар қамтылды.

Әсіресе, есірткі заттарының заңсыз айналымы мен таралу деректерін анықтауға, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруіне және өзге де құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылды.

Рейд қорытындысы бойынша 28 компьютерлік және түнгі клубта, сондай-ақ аула аумақтарында 57 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Олардың қатарында кәмелетке толмағандарды түнгі орындарға кіргізу, жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге тарту белгілері және мекеме иелері тарапынан болған заңбұзушылықтар бар.

Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әрі түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай рейдтер бір реттік емес, жүйелі түрде өткізіледі. Түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшейтіліп, тексерулер тұрақты негізде жалғасады.

«Жастардың қауіпсіздігі — басты назардағы мәселе. Біз жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге тартудың кез келген әрекетінің жолын кесуді жалғастырамыз. Барлық түнгі мекеме заң талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Әрбір заңбұзушылық дерегі анықталып, тиісті шара қолданылады», — деді рейдке қатысушылар.

Еске салсақ, 2026 жылдың сәуір айында өткен осыған ұқсас рейд барысында бір түннің ішінде 130-дан астам нысан тексеріліп, 200-ден аса құқықбұзушылық анықталған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ұйымдастырушылар мекеме иелерін заң талаптарын қатаң сақтауға, ал ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауға мұқият қарауға шақырады. Қалада жастар арасындағы құқықбұзушылықтарға мүлде төзбеушілік қағидаты қалыптасып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда осы заманғы академиялық музыка фестивалі өтуде

Бүгін 12:14

Алматыдағы №16 емхананы қайта жаңғырту жұмыстары биыл күзде аяқталады

Бүгін 12:03

Жол апатынан кейінгі ауыр жарақат пен 10 ота: алматылық дәрігерлер науқасты аяғынан тік тұрғызды

Бүгін 10:53

Арманға қанат бітірген орда: Алматы Оқушылар сарайының бүгінгі тынысы

Бүгін 10:52

Астанада жүк көлігі велосипедші баланы басып кетті: жасөспірім оқиға орнында көз жұмды

Кеше 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);