Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тротуар плиталары мен бетон жиектерін шығ...

Алматыда тротуар плиталары мен бетон жиектерін шығаратын зауыт жаңғыртылды

Барлығы 03.09.2025, 18:27 485
Алматыда тротуар плиталары мен бетон жиектерін шығаратын зауыт жаңғыртылды
Алматы әкімдігі

Алматының Индустриалды аймағында тротуар плиталары мен бетон жиектерін шығаратын зауытқа ауқымды жаңғырту жүргізілді. Инвестициялардың жалпы сомасы 1,2 млрд теңге болды, оның 25%-ы инвестор есебінен қаржыландырылды ("СК Рахат" ЖШС), ал қалған 75%-ы "Даму" қорының субсидиялау бағдарламасы аясында қарыз капиталымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады. 

Жоба аясында әлемдегі жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтары сатып алынды; олар-ұсақ бөлшекті бетон бұйымдарды шығаруға арналған HESS Group (Германия) желісі, өнімдердің төзімділігін арттыратын ROTHO-Stabil (Германия) камерасы, өнімді тікелей байлайтын VR-80 машинасы және автоматты орайтын RA100 (Италия) машинасы, сондай-ақ полимермен қапталған технологиялық поддондар (Польша).

Айта кетейік, алғашқы Hess Maschinenbrik GmbH өндірістік желісі 2023 жылдың мамырында іске қосылды. 2024 жылдың соңына қарай зауыт 153 мың шаршы метр тротуар плиталарын өндірді, орташа айлық көлемі 9 мың шаршы метр, бұл жобалық қуаттың 36 пайызы. 

Жүргізілген жаңғырту жұмыстарынан кейін бір ауысыммен жұмыс істеген жағдайда өнім шығару көлемі айына 25 мың шаршы метрге дейін ұлғаяды. Екі ауысымдық режимге көшкен жағдайда, өнім көлемі тіптен көбейеді. Өндіріс процесін толық автоматтандыру өнімнің сапасын жақсартады, ауқымды үнемдеу арқылы өзіндік құнды төмендетеді, шикізатқа, материалдарға жұмсалатын шығынды азайтып, жұмыс күшін оңтайландырады.

Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 180 текше метр автоклавты газды бетон және 750 мың шаршы метр темір бетон шығаруға жетеді. Барлық өнімдер қолданыстағы Мемлекеттік стандартқа сәйкес шығарылады және негізінен жергілікті шикізаттан өндіріледі. Бұрын зауыттың толық автоматтандырылмауы өнім шығаруға кедергі болған. Яғни, өнімді экспозициялау, жинау және қоймада сақтауды қоса алғанда, өндірістік операциялардың бір бөлігі қолмен орындалатын. Енді барлық процестер толығымен автоматтандырылды, бұл кәсіпорынның өнім шығару деңгейі едәуір арттырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #зауыт #тротуар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика