AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүше...

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Заң мен тəртіп 10.01.2025, 14:10 784 yakiya
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
polisia.kz

Айыпталушылар Қазақстанда бірнеше есірткі зертханаларын құрып, синтетикалық есірткі жеткізушілері мен бетбелгі қоюшыларды «жұмысқа» тартуды көздеген. 

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, 2023 жылдың жазында өнеркәсіптік ауқымда синтетикалық есірткі өндіру үшін елге прекурсорларды жеткізуді жолға қойған көршілес мемлекеттердің азаматтарынан тұратын трансұлттық есірткі тасымалы тобының қызметі тоқтатылды.

Халықаралық қылмыстық топты қолға түсіру ІІМ мен Алматы полициясының жүргізген жедел жұмысының нәтижесінде мүмкін болды. Әрбір қатысушының рөлін және басқа да адамдардың қатысуын анықтау үшін «арнайы жүк» оның бүкіл бағыты бойынша, соның ішінде әуе барлауын қолдану арқылы бақыланды. Прекурсорлар мен жабдықтарды тасымалдауды, оның ішінде шекарадан өтуді құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия атын жамылған логистикалық компания жүзеге асырғаны белгілі болды.

Арнайы іс-шараның әртүрлі кезеңдерінде полиция қызметкерлері прекурсорлардың контрабандасымен айналысқан үш шетелдікті ұстады. Соңғы кезеңде Алматыда қалған айыпталушылар – көрші елдің екі азаматы мен Қазақстан азаматы ұсталды, олардан мефедрон мен шет мемлекеттің құқық қорғау органы қызметкерінің жалған куәлігі тәркіленді.

Жалға алынған қоймаларды рұқсат етілген тінту барысында психоактивті заттарды синтездеуге арналған 1160 бөшке әртүрлі прекурсорлар, «синтетика» өндіруге арналған 7 қорап арнайы зертханалық жабдық, екі реактор және 5 химиялық құрал-жабдық табылып, тәркіленді. Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі шамамен 73 тоннаны (72,7) құрады. Осылайша полицейлер 8 тонна синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойды. Бұл 8 миллион бір реттік доза. Алматы прокуратурасының көмегімен ҚК-нің 264-бабы (Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесі жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);