AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда төрт балабақшаға меңгеруші қажет: Білім б...

Алматыда төрт балабақшаға меңгеруші қажет: Білім басқармасы конкурс жариялады

Барлығы 06.02.2026, 10:16 172
Алматыда төрт балабақшаға меңгеруші қажет: Білім басқармасы конкурс жариялады
depositphotos.com

«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың бос басшылық лауазымдарына конкурс жариялады. Байқау аясында Алатау, Бостандық, Медеу және Түрксіб аудандарындағы 4 бөбекжай-балабақшаға меңгеруші қабылданады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Қандай ұйымдарға меңгеруші қажет?

1) «Санаториялық №38 бөбекжай-балабақшасы» КММ
Мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Куприна көшесі, 7 үй.
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру. 1999 жылдан жұмыс істейді.
Жобалық қуаты: 90 бала. Оқыту тілі: аралас.

2) «№201 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Орбита-3 шағын ауданы, 27 үй.
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру. 2025 жылдан жұмыс істейді.
Жобалық қуаты: 240 бала. Оқыту тілі: қазақ тілінде.

3) «№195 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Бегалин көшесі, 121 үй.
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру. 2023 жылдан жұмыс істейді.
Жобалық қуаты: 140 бала. Оқыту тілі: аралас.

4) «№145 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстар бар балаларға арналған арнайы бөбекжай» КММ
Мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Сейфуллин көшесі, 188 А үй.
Қызмет түрі: мектепке дейінгі білім беру. 1999 жылдан жұмыс істейді.
Жобалық қуаты: 60 бала. Оқыту тілі: аралас.

Еңбекақы мөлшері

Лауазымдық жалақы жұмыс өтіліне қарай 181 571 теңгеден 220 150 теңгеге дейін.

Үміткерге қойылатын талаптар

Негізгі талаптар:

  • жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжат;
  • педагогикалық жұмыс өтілі 5 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдағы соңғы 2 жыл (ауылдық жерде – 3 жыл, оның ішінде соңғы 1 жыл мектепке дейінгі ұйымында);
  • немесе бірінші/жоғары біліктілік санаты, педагог–сарапшы/зерттеуші/шебер санаты;
  • немесе басшы орынбасарының санаттары, не басшы-ұйымдастырушы/менеджер/көшбасшы санаты.

Арнайы мектепке дейінгі ұйым басшысы үшін (№145 арнайы бөбекжай):

  • «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары педагогикалық білім (немесе тиісті бейін, қайта даярлау туралы құжат);
  • біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
  • педагогикалық өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымында 1 жыл;
  • және/немесе педагог, педагог–сарапшы/зерттеуші/шебер, бірінші/жоғары санаттарының бірі.

Лауазымдық міндеттер (қысқаша)

Меңгеруші:

  • мектепке дейінгі ұйым қызметін нормативтік актілерге сай басқарады;
  • педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырады; оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға жағдай жасап, ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді үйлестіреді;
  • тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырып, әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз етеді;
  • балалардың денсаулығын сақтау, тамақтану мен медициналық қызметті ұйымдастыруға жағдай жасайды;
  • мүлік пен қаражатты тиімді басқаруды, жыл сайынғы есептілікті қамтамасыз етеді;
  • кадрларды іріктеу, орналастыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізеді.

Қайда, қашан өтеді?

  • Өткізу орны: «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4.
  • Өтінім қабылдау мерзімі: хабарландыру «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде және edualmaty.kz сайтында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде.

Құжаттар тізімі

  1. өтініш (нысан бойынша);
  2. жеке куәлік (көшірме/цифрлық құжат);
  3. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ + фото;
  4. диплом көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
  6. 075/у нысанындағы денсаулық анықтамасы;
  7. психикалық мінез-құлық бұзылыстары бойынша диспансерлік есепте тұрмағаны туралы анықтама;
  8. наркологиялық есепте тұрмағаны туралы анықтама;
  9. сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
  10. ҚАЗТЕСТ / QAZAQ RESMI TEST сертификаты (В1 деңгейінен төмен емес);
  11. түйіндеме;
  12. біліктілік санатын беру/растау туралы куәлік.

Ескерту: 4–9-тармақтардағы кейбір құжаттар көрсетілетін қызметті берушіде ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болса, талап етілмеуі мүмкін.

Құжат тапсыру мекенжайы және байланыс

Қажетті құжаттар: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 үй, Алматы қаласы Білім басқармасы.
Электронды пошта: service.ok.2@mail.ru

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: +7 707 358 32 42
Электронды адрес: service.ok.2@mail.ru

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балабақша #меңгеруші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика