Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Tiger Films продюсерлік компаниясының кез...

Алматыда Tiger Films продюсерлік компаниясының кезекті фильмінің түсірілімі басталды

Мәдениет 15.07.2023, 08:43 1,417
Алматыда Tiger Films продюсерлік компаниясының кезекті фильмінің түсірілімі басталды
Сурет: Massaget.kz

Комедия мен экшн қатар жүретін романтикалық драма балалар үйінен шыққан қос ғашықтың ауыр тағдырынан сыр шертеді.


Жаңа картинадағы басты рольдерді елімізге танымал актерлер ойнайды.  Жаңа киноның алғашқы түсірілімінде режиссер Алёна Алмаз дәстүрлі түрде тәрелке сындырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


 «Ұрлықшылар» деп аталатын картинада қос жетімнің үлкен қаладағы өмір қиындықтары, шытырман оқиғалары суреттеледі. Tiger Films продюсерлік компаниясының ұжымы Нью-Йорк киноакадемиясының түлегі Алёна Алмаздың отандық киноға қосар үлесі мол екеніне сенімді. 



«Мен отандық киноға батыстың түісірілім технологиясын алып келгім келеді. Осылайша көрермендердің отандық киноға деген қызығушылығын арттыруды көздеймін. Қазір батыс фильмдеріне деген сұраныс жоғары. Тым болмаса таразының екі басын теңестіру де нәтиже. Өйткені, қазір жақсы отандық фильмдер түсіріліп жатыр», - дейді режиссер Алена Алмаз.



Фильм балалар үйінде тәрбиеленген Әмір мен Сана есімді кейіпкерлердің өміріне құрылған. Олар аштықпен күресу үшін ұрлық жасап өседі. Мектеп бітірген соң Әмір мен Сана бағалы заттарды жымқыруға бет бұрады. Байлардан ұрлап алғанын мұқтаждарға таратып береді. Жетімдер өміріндегі шытырман оқиға осылай басталады.



«Ауыр, бірақ өте қызықты роль. Шынымды айтсам, менің кейіпкерім «ең сүйікті» кейіпкерім деп айта аламын. Осыған  дейін түскен кейіпкерлерімнің арасында. Сол үшін мен тырысып жатырмын. Режиссердің көмегімен, команданың көмегімен. Біз дайындалдық. Кәдімгідей бір жарты айдай дайындалдық», - дейді актриса Әйгерім Жүнісова. 



Фильмдегі экстремалды қимылдарды актерлердің өздері орындайды. Жаңа картина Kinopark & Kinoplexx кинотеатрларынан 18 қаңтардан бастап көрсетіледі. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм #Кино #түсірілім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Кеше 20:24

Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді

Кеше 18:34

Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Кеше 18:31

Саясатта 17%, ғылымда 51%, кәсіпкерлікте 48%: Қазақстандағы әйелдер үлесі қанша?

Кеше 18:17

Мәжіліс төрағасы әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі