конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда таулы аумақтарда жауған қардан кейін түнг...

Алматыда таулы аумақтарда жауған қардан кейін түнгі уақытта жолға көктайғаққа қарсы қоспа себілді

Барлығы 09.12.2025, 12:07 770
Алматыда таулы аумақтарда жауған қардан кейін түнгі уақытта жолға көктайғаққа қарсы қоспа себілді
сурет: видео кадры

8 желтоқсанға қараған түнi Алматының тау және тау бөктеріндегі аудандарында қар жауып, күн суытты. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 9 желтоқсанда жаңбыр, жабысқақ қар, тұман түсіп, желдің күшейіп, көктайғақ пайда болуы мүмкін. Ал 10 желтоқсанға қараған түні қалада 6-9 см, ал таулы аймақта 15-20 см-ге дейін қар түсетіні болжанған.

Осыған байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. 8 желтоқсан түнінде көше-жол желісіне көктайғақтың алдын алу мақсатында арнайы қоспалар себілді. Жұмыс тәулік бойы ұйымдастырылып, арнайы техника мен жедел бригадалар жұмылдырылды. 

Түнгі жұмыс барысында 1 000-нан астам арнайы техника, 2,7 мың жұмысшы және 75 жедел бригада кезекшілік атқарды. Еңісте, дөңде және көктайғақ жиі пайда болатын аймақтарға патрульдік бақылау күшейтілді. Алматы құтқару қызметі 15 техника мен 50 қызметкерді, Төтенше жағдайлар департаменті 53 техника мен 244 қызметкерді тартты.

Жұмыс барысында барлығы 553,4 тонна көктайғаққа қарсы материал қолданылды. Ең ауқымды жұмыс көктайғақ қаупі жоғары саналатын Бостандық және Медеу аудандарында жүргізілді.

Алматы әкімдігі, аудан әкімдіктері, Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы, Полиция департаменті, «Алматы Тазалық» кәсіпорны және мердігер ұйымдар жолдың жайын тәулік бойы бақылап отыр. Алдағы күндері ауа температурасы төмендеген жағдайда магистральдық көшелерге қосымша қоспа себіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қар #Алматы әкімдігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Бүгін 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Бүгін 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Бүгін 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Бүгін 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);